Қоғам

Былтыр 7 әкім қылмыстық жауапкершілікке тартылды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Бүгін мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырды, деп хабарлады Ақорда.

Президенттің айтуынша былтыр әртүрлі деңгейдегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ 14 облыстық басқарма басшысы мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы болғаны үшін 20 саяси қызметкерге қатысты шара қолданылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы: "Босаңсуға әлі ерте"

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге өз аймақтарындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ал жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өздеріне жүктелген міндетке сергек қарағаны жөн.

"Бұған дейін айтқанымдай, егер мемлекеттік қызметші бюджет қаржысын жымқыруды немесе пара алып баюды көздемей, шешім қабылдау кезінде қателікке жол берген болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе, мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз. Сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барған шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс", – деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы өткен жылыту маусымы барысында болған оқыс оқиғалар, өрт және технологиялық апаттар мәселесіне баса мән берді. Президент төтенше жағдайлардың салдарын жедел жою жұмыстарын қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдаудың қажеттігіне назар аударды.

Жаңалықтар
0