Қоғам

Жақын жүрмеңіз: Ғалымдар далада коронавирусты не тасымалдайтынын анықтады

© REUTERS / NIAID-RMLЦветное изображение нового коронавируса SARS-CoV-2
Цветное изображение нового коронавируса SARS-CoV-2  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Ғалымдар ауадағы сан алуан бөлшектер коронавирустың таралуына қалай әсер ететінін зерттеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Никосия университетінің ғалымдары ағаш гүлдейтін кезде ұшатын тозаңның коронавирусты тасымалдайтынын анықтады, деп жазды Daily Mail.

Зертхана мамандары ауадағы сан алуан бөлшектер коронавирустың таралуына қалай әсер ететінін анықтауға тырысты. Сөйтсе, ауадағы тозаңның көбеюі мен аурудың өршуі арасында тікелей байланыс бар болып шықты.

Оқи отырыңыз: Цой балалар қай жастан кейін коронавирусты жылдам тарататынын айтты 

Зерттеуге сәйкес, АҚШ-та көктем кезінде әлсіз жел тұрған күннің өзінде тозаң бір минут болмай, ағаштан 20 метр қашықтықта тұрған адамдарға жетеді екен.

"Біз ғылыми тәжірибені шынайы өмірге барынша жақын етіп өткізуге тырыстық. Мыңдаған жапырақ пен тозаң бөлшегін, жүздеген жапырақты пайдаландық. Зерттеуге қатысқан адамдар тобы талдан 65 қадам жерде тұрды", — деп түсіндірді ғалымдардың бірі.

Компьютерлік модель тозаңның коронавирусты алысқа апара алатынын көрсетті. Вирустың өзі ондай қашықтыққа ұша алмайды.

Жаңалықтар
0