Қоғам

Елімізде қалқанша бездің қатерлігі ісігіне қарсы дәрі шығарыла бастады

© Photo : МинэнергоНатрия йодид
Натрия йодид - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Натрий йодиді препараты қатерлі ісік жасушаларын бұзып, оның айналасындағы тіндерді сақтап қалады

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Бейсенбі, 24 маусымда Семейдегі онкологиялық ауруға шалдыққандар үшін қалқанша безі ауруларына, соның ішінде қатерлі ісікке қарсы дәрінің бірінші партиясы жеткізілді.

Радиофармпрепарат Натрий йодиді (131І) деп аталады. Бірінші өнеркәсіптік партия 22 маусымда Қазақстандағы "Ядролық физика институтында" дайындалды.

Бұл препарат денсаулық сақтау министрлігінде " Натрий йодиді 131І, ішуге арналған ерітінді" деген атауы бар дәрілік зат ретінде тіркелген.

"2021 жылдың 24 маусымында препарат Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығындағы науқастар үшін жеткізілді. Радиофармпрепарат натрий йодидтің (131І) талғамды жинақталуының арқасында ағзаның патологиялық аумағында обыр жасушалары талқандалып, оның айналасындағы тіндер сақталады", - деді энергетика министрлігінде.

Алдағы уақытта институт қызметкерлері ядролық медицинаның жаңа әзірлемелері негізінде радиофармпрепараттардың кең спектрін қолдану арқылы түрлі ауруды анықтау және емдеуге арналған жаңа препарат дайындауды жоспарлап отыр.

Алматыдағы фармпрепараттар өндірісі

Алматыдағы ядролық физика институтындағы радиофармацевтикалық препараттардың өндірісі 1986 жылы басталған. Дәл осы шақта КСРО-да миокард инфарктін ерте анықтауға арналған таллий-201 изотопы бар препарат өндірісі тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін адамның барлық органының ауруын диагностикалау үшін кеңінен қолданылатын технеция-99м өндірісі ретке келтірілді. Заманауи денсаулық сақтау саласында бұл изотоп барлық радионуклидті процедураның 80%-інде пайдаланылады.

"2011 жылы ядролық физика институты технеция генераторлары тіркеліп, екі апта бойы жұмыс істей алатын және елдің кез келген аймағына жеткізуге болатын тасымалданатын шағын генераторлар өндірісі басталды", - деді энергетика министрлігінде.

Оқи отырыңыз: Ресей ғалымдары коронавирустан емдейтін жаңа дәрі ойлап тапты

Ведомствода атап өткендей, радионуклидті диагностиканы қолдану кезінде қатерлі жаңа түзілістерді ерте анықтау мүмкін болады. Бұл қатерлі ісіктер көз жұматындар санының азаюына және аурудың қайта туындау қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Генератор конструкциясын әзірлеу бойынша жұмыстар 2014 және 2015 жылдары "Жыл өнертабысы" мен "Шапағат" республикалық конкурстарында жеңіске жетті.

2018 жылы Алматыдағы ядролық физика институтының базасында ядролық медицина және биофизика орталығының құрылысы аяқталды. Онда радиофармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша заманауи кешен орналасқан.

Жаңалықтар
0