Журналистер, архивтегі сурет

Тоқаев журналистерді марапаттады

1339
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында президент бірқатар журналиске сыйлық беріп, грант тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары:

Захарчук Вера Николаевнаға – "Хабар 24" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;

Исабаева Сәуле Борисқызына – "Qmonitor.kz" желілік басылымының шолушысына, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға қосқан үлесі үшін;

Құтпанбаев Бақыт Жағыпарұлына – "Қазақ" және "Шалқар" радиоларының Алматы студиясының жетекшісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін;

Ойшыбаева Жаннат Бақтығұлқызына – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның БАҚ-пен жұмыс департаментінің бас менеджеріне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін берілсін.

Қазақстан президентінің БАҚ саласындағы гранттары:

Байғараев Нұрмұхамед Исманұлына – "AIQYN" республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына, баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;

Нұрақын Диас Ермекұлына – "КТК" телеарнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясы орталық редакциясының редакторына, Қазақстан телевизиясын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Толықбаев Мақсат Мәлікұлына – "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасы "Ашық алаң" қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісіне, Қазақстан Республикасы президентінің қызметін белсенді түрде жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;

Хасанов Серікбол Тілепбергенұлына – "Мұнара" газетінің бас редакторына, Қазақстан журналистикасын және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін тапсырылсын.

Қазақстан президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

"Ақиқат" ұлттық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына – еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;

"Вечерний Алматы" газетінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін;

"Қазақ радиолары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына – ұлттық радио саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;

"Сарыарқа" телеарнасының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін жариялансын.

"Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген хабарламада.

1339
Кілт сөздер:
БАҚ, журналистика, Қасым-Жомарт Тоқаев
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

27
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

27
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түсті алып тастау мүмкіндігі қарастырылады - денсаулық министрлігі

1034
(Жаңартылды 18:59 28.07.2021)
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

1034
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

0
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

0
Кілт сөздер:
Василий Левит