Метрополитен в Алматы

Алматыда жыл аяғына дейін екі метро бекеті іске қосылады

36
3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді

АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Метро құрылысының қарқынына пандемия елеулі әсер етті. Соның салдарынан жұмыс баяулады, алайда жыл соңына дейін екі бекет іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

"Ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтитын "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылыс жалғасып жатыр. 80%-і дайын тұр. Жыл соңына дейін трафикті тест режимінде іске қосу жоспарланып отыр", - деді Бақытжан Сағынтаев.

3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді.

Қала әкімінің сөзінше, қазір бекеттерді ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру, сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен автоматика жүйелерін жабдықтау, сигнал беру және байланыс, технологиялық жабдықты орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі халықаралық емхана салынады

Сондай-ақ қаланың дамуын ескере отырып, батыс бағытта халықаралық әуежайға қарай, солтүстік және оңтүстік бағытта метрополитен салу жобалары қарастырылып отыр.

Айта кетейік, екі бекет іске қосылса, онда жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адамға артады.

36
Кілт сөздер:
метро, Алматы метрополитені, Алматы, Сағынтаев
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

16
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

16
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

298
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

298
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды