Сенатор Талғат Мұсабаев

"Кешірім сұрады": Талғат Мұсабаев елордалық қыздың таққан айыбына жауап берді

3155
(Жаңартылды 18:24 25.06.2021)
Сенатор "жұдырық алып жүгіргені" туралы айыптардың еш негізі жоқ екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Парламент сенатының депутаты, танымал ғарышкер Талғат Мұсабаев саябақта болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Кеше саябақта жолдасым екеуіміз серуендеп жүргенде алдымыздан ит ұстап бір қыз шықты. Ол тура жүгіретін жолмен жүрді. Мен иттің тұмылдырықсыз болғанына ескерту жасадым. Себебі басқа адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Соған дөрекі жауап берді. Ол туралы өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазды", - дейді Мұсабаев.

Ал қыз полицияны шақырғаннан кейін ғарышкер тәртіп сақшыларын күткен.

"Мен жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, заң бойынша өзімді қорғауға дайын болдым. Ішкі істер министрлігінің екі өкілі – полицейлер келгеннен кейін қажетті түсініктеме бердім. Арыз жасаған қыз да бәрін айтты. Менің тарапымнан қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер, соның ішінде дене жарақаты туралы шағым болған жоқ. Оған қоса, ол қыз қолын созып, бізден кешірім сұрады", - деп атап көрсетті Мұсабаев. 

Сенатор "жұдырық алып жүгіргені" туралы айыптардың еш негізі жоқ екенін мәлімдеді.

Саябақтағы оқиға

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алина Нұртас Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев қол көтергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кеше хаски тұқымдас итін далаға алып шыққан. Үй жануарына қарғыбау салған. Бірақ тұмылдырық тақпапты. Оны көрген сенатор Мұсабаев айқайлап, ескерту жасаған. Бас кезінде иттің иесі ғарышкерді көрмегендей болып жүре береді.

Оқи отырыңыз: "Зардабы ауыр оқиғаға куә боламыз": Мұсабаев премьердің назарын маңызды мәселеге аударды

Сосын дөрекі мінез танытқан ер адамға дөрекі сөзбен жауап қайтарған. Осы кезде танымал ғарышкер оны жұдырықпен иығынан бір ұрған көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @alinanurtas

"Соққыдан қолым жансызданып қалды. Бірден полиция шақырдым. Сол жерде мәселені шешуге кірістік. Бірақ ештеңе дәлелдей алмайтыным белгілі болды. Себебі менің алдымда Талғат Мұсабаев тұр. Оған не айта аламын?", - деп жазды Алина Instagram парақшасында.

Жәбір көрген қыз спорттық киім мен кепке киген ғарышкердің фотосын да жүктеді. Полиция осы оқиға бойынша тексерісті бастады.

3155
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Талғат Мұсабаев, қыз, жарақат, жарақат
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

72
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

72
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Пробирка с тестом на коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты

42
Нұр-Сұлтанда 1 518, Алматыда 1511, Қарағанды ​​облысында 964 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 7 778 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1518
  • Алматы қаласы - 1511
  • Шымкент қаласы - 477
  • Ақмола облысы - 253
  • Ақтөбе облысы - 332
  • Алматы облысы - 300
  • Атырау облысы - 417
  • Шығыс Қазақстан облысы – 216
  • Жамбыл облысы - 247
  • Батыс Қазақстан облысы - 159
  • Қарағанды облысы - 964
  • Қостанай облысы - 245
  • Қызылорда облысы - 257
  • Маңғыстау облысы - 236
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 155
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 572 576.

42
Кілт сөздер:
статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы