Қоғам

Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді - Карин

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Бұдан бұрын мемлекет басшысы жыл соңына дейін 800-ге жуық ауыл әкімі сайланатынын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Ауыл әкімдерін сайлау 25 шілдеде өтуі мүмкін, деді президенттің көмекшісі Ерлан Карин. 

"25 шілде күні бір уақытта 700-ден астам ауыл әкімі сайланады. Ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді", - деп жазды Карин өзінің Telegram каналында.

Президент көмекшісі ауыл әкімдерін тікелей сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға ретінде атап өтті.

Бүгін Алматыда саяси реформалардың үш президенттік пакетін жүзеге асыру бойынша сараптамалық талқылау өтті. Алқалы жиынға отандық сарапшылар, саясаттанушылар, Мәжіліс депутаттары мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау қашан және қалай өтеді

Сараптамалық басқосуда саясаттанушы Андрей Чеботаревтің "Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары: 3 пакеттің ерекшеліктері" атты талдамалық баяндамасы таныстырылды.

Жаңалықтар
0