Қоғам

Тоқаев маңызды заңдарға қол қойды

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Жаңа заңға сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді қолданысқа енгізу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдарының қызметі туралы екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құпия хаттарды таситын қызмет

"Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" заңның мақсаты – фельдъегерлік қызметтің құқықтық мәртебесін бекіту, ТМД елдері арасында фельдъегерлік байланыс тәжірибесін жасау, осы саладағы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер бекіту.

"Бұл қызметтің міндеті – үкіметтің хат алмасу жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың аса маңызды әрі құпия хаттарын тасу, арнайы пошталарды ТМД-ға мүше елдерге жеткізу", – деді бұған дейін парламентте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Фельдъегерлік бөлім қызметкерлері қарумен, формамен және арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі. Бірақ ішкі істер органдарының қызметкерлері сияқты қылмыс ашып, тергеу жүргізбейді. Сондықтан ішкі істер органдарының құрамына және штатқа кірмейді.

Тағы оқыңыз: Учаскелік инспекторлардың жалақысын өсіріп, баспана береміз – Тұрғымбаев

Фельдъегерлік қызметті ұйымдастыратын құзырлы орган – премьер-министр кеңсесі.

Учаскелік инспекторлардың құзыреті кеңейеді

Сондай-ақ Тоқаев "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заң аясында учаскелік инспекторлардың құзыреті кеңейеді. Сонымен қатар учаскелік инспектордың көмекшісі лауазымы енгізіледі.

Саусақ іздерін алу

Бұған қоса бұл заңда тиісті қаржыландырудың болмауына байланысты дактилоскопиялық тіркеуді қолданысқа енгізу мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату көзделген. 

Дактилоскопиялық тіркеу 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі тиіс болған, алайда заңның кейбір нормалары қайта қаралды.

Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.  

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Жаңалықтар
0