Қоғам

COVID-19: Қазақстанда 5 өңір "қызыл" аймақта тұр

© Sputnik / Тимур БатыршинВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
30 маусымдағы жағдай бойынша, еліміздің бес өңірі "қызыл" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта бес өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей: 

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
  • "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстанда өткен тәулікте 2 016 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин

Сондай-ақ елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 423 137-ге жетті.

Жаңалықтар
0