Дәрігер, көрнекі фото

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

1910
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik.  Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Өткен тәулікте 13 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды, COVID-19 белгілері бар пневмониядан өлім тіркелген жоқ.

30 маусымдағы мәлімет бойынша 24 822 адам коронавирус инфекциясынан (23 526 КВИ+ және 1 296 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде  7 453 пациент стационарда, 17 369 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 493 адамның жағдайы ауыр,
  • 103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 67 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 1 тамыздан бастап ауырғандар саны - 56942, қайтыс болғандар – 987.

Оқи отырыңыз: "Көрудің өзі ауыр": Елордалық дәрігер ауруханаларда не болып жатқанын айтты

Жазылып шыққандардың саны 52220-ға жетті.

1910
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2540)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев екі министрлікті қайта құрды

1161
(Жаңартылды 13:14 27.07.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің бірқатар өкілеттігі еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріне беріліп, олар қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.

Бұл ретте заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстаннан кетуге және Қазақстанға келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер сол күйі ішкі істер министрлігінде қалады.

Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері денсаулық сақтау министрлігіне өтті.

Атап айтқанда:

  • 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;
  • 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Президент үкіметке қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Түрмелердегі кей қызмет денсаулық сақтау министрлігіне беріледі

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілетінін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс зерттеудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мекеменің әкімшілігіне тәуелді болмайды. Бұл заңсыз әрекеттерді жасыруға жол бермейді.

1161
Кілт сөздер:
министрлік, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев облыстардың бірінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізді
Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Кокшетау. Его встречает аким Акмолинской области Ермек Маржикпаев

Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды

2900
(Жаңартылды 11:26 27.07.2021)
Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында хабарлады.

"Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді", - деп жазды Уәли.

Әуежайда мемлекет басшысын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әкімнен Маңғыстаудағы наразылықтар жайында сұрады 

Айта кетейік, бұған дейін президент мұнай саласындағы қиындыққа байланысты Маңғыстау облысында шешімін таппаған мәселелер көп екенін ерекше атап өткен болатын. Тоқаев жақын арада осы өңірді дамыту бойынша арнайы кеңес өткізетінін мәлімдеді.

2900
Кілт сөздер:
Көкшетау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Полицей формасы, архивтегі фото

Павлодарда бірден 200 адам полиция бөліміне жеткізілді

0
Рестобарлардың бірі санитарлық талаптарға қарамастан істеп тұрған. Барда шамамен 200 адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Павлодар қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзған ойын-сауық орнынан бірден 200 адам полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Атап айтқанда, 24  шілде күні Абай көшесінде орналасқан рестобарлардың бірі санитарлық талаптарға қарамастан істеп тұрған. Барда шамамен 200 адам болған. Барлығын орталық полиция бөліміне жеткізді. Ал келесі күні мониторингтік топ дәл сол барда тағы 40 адамның жиналғанын анықтады. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған бала да болды.

"Түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде жасөспірім жүрді. Осыған байланысты бардың әкімшісі құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, жеке тұлғалар 10 АЕК (29 170 теңге), шағын кәсіпкерлік нысандар - 15 АЕК (43 700 теңге), ал орта бизнес өкілдері екі есе артық айыппұл төлеуге міндеттеледі", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, ойын-сауық мекемесінің иесін әкімшілік жауапқа тарту үшін барлық материал санитарларға жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік нысандарына - 230 АЕК (670 910 теңге), орта бизнес өкілдеріне - 310 АЕК  (904 270 теңге), ал ірі  кәсіпкерлерге 1600 АЕК (4 667 200 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған.

0
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин