жаңа мәжілістің алғашқы жалпы отырысы

Қазақстандықтардың өмірін өзгертті: 2021 жылы қабылданған 5 маңызды заң

855
(Жаңартылды 11:12 30.06.2021)
Жетінші шақырылымның бірінші сессиясы кезінде парламент депутаттары 63 заң қабылдады. Оның ішінде 15 құжатқа халық қалаулылары бастамашылық етті

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Парламент мәжілісінің жаңа шақырылымының депутаттары каинкулға кетті. Жетінші шақырылымның бірінші сессиясының жұмысы барысында 80-нен астам заң жобасы қаралып, қос палата 63 заңды қабылдады.

Sputnik Қазақстан барлық қазақстандықтың өміріне әсер ететін бес маңызды заңға шолу жасайды. 

Парламент қараған және қабылдаған заңдардың арасында қазақстандықтардың әлеуметтік өмірін жақсартуға, жер қатынастары саласындағы проблемаларды шешуге арналған заңдар, экономиканы, кәсіпкерлікті дамытуға және бюджеттік заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары бар.

Жер мәселесі бойынша дауға нүкте қойылды

Осы жылдың көктемінде парламент ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салатын жер қатынастары мәселелері жөніндегі түзетулерді қарастырды және қабылдады. Осы заң арқылы даулы мәселеге нүкте қойылды. 2016 жылы шетелдіктерге жерді жалға беру мәселесі қазақстандықтар арасында дүрбелең тудырып, республика бойынша митингтердің өтуіне себепші болған.

Сондай-ақ парламент жер қатынастарын дамыту мәселелері жөніндегі түзетулерді қабылдады. Заңдағы өзгерістер қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін ұзақ мерзімді жалға алуға мүмкіндік береді.

Бюллетеньде "Барлығына қарсымын" бағаны пайда болады

Осы жылдың мамырында парламент сайлау заңнамасына өзгертулер енгізу туралы заң қабылдады. Жаңа өзгертулер мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-тен 5%-ке дейін төмендетілуін қарастырады. Сонымен қатар заңға қол қойғаннан кейін барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсымын" деген баған пайда болады. Бұған дейін қазақстандықтарда мұндай мүмкіндік болмаған. Сондықтан дауыс берушілер міндетті түрде ұсынылған кандидаттардың біріне дауыс беруге мәжбүр болды. 

Сонымен қатар заң аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды қолданысқа енгізеді. Бұл заңнамалық өзгертулер партиялардың рөлі мен бәсекелестігін арттырып, азаматтарды өзінің дауыс беру құқығын орындауға ынталандырады, сондай-ақ ауыл әкімдерінің халық проблемаларына дұрыстап көңіл бөлуіне себепші болады деп күтілуде.

Қашықтан жұмыс істеу заң жүзінде бекітілді

Осы жылдың маусымында парламент Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерді қабылдады. Қазақстан заңында осылайша алғаш рет "қашықтан жұмыс істеу" және "қашықтан аралас жұмыс істеу" ұғымдары пайда болады. Еңбек келісімшартында қашықтан жұмыс істеу кезіндегі бекітілген жұмыс уақытын есептеу бойынша норма бекітіледі. Оған сәйкес қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушімен байланысқа шығу үшін қолжетімділік режимінде болуы керек.

Еңбек министрлігі ұсынған мәлімет бойынша, коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстанда 2020 жылы жұмысшылардың шамамен 70%-і қашықтан жұмыс істеуге ауысқан.

Жүргізушілер енді куәліксіз көлік жүргізе алады

Қаңтарда парламент жол қозғалысы мәселелері бойынша заңды қабылдады. Енгізілген түзетулер жүргізуші куәлігінсіз және көлік құралының тіркеу құжатынсыз автомобиль басқарғаны үшін айыппұл енгізуді алып тастауды қарастырады. Полиция қызметкерлері енді жүргізушінің құжаты бар-жоғын өздерінің мәліметтер базасы арқылы тексеруі керек. Ол үшін жүргізушінің жеке куәлігі ғана қажет. Бұл норма тек Қазақстан азаматтарына ғана қатысты. Шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің немесе жүргізуші куәлігін шет мемлекетте алған азаматтардың барлық тиісті құжаты болуы керек.

Ерекше балалар үшін білім алудың тепе-теңдігі

Жетінші шақырылымның бірінші сессиясы кезіндегі жұмыс уақыты кезінде депутаттар инклюзивті білім беру мәселелері бойынша заңды қабылдады. Заң ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін жағдай жасалмаған мектептердің басшылары тарапынан жауапкершілік болуын қарастырады.

Сондай-ақ ол инклюзивті және арнайы білім берудің нормативті құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған. Заң оны Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкестендіреді.

Депутаттар каникул кезінде немен айналысады

Жетінші шақырылымның бірінші сессиясы жабылғаннан кейін парламент депутаттары халықпен кездесу үшін Қазақстан өңірлеріне аттанады. Кездесулер елдегі жпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, түрлі алаңдар мен қалаларда, шалғайда орналасқан елді мекендерде өтеді. Осы кездесу барысында айтылған ұсыныстарды депутаттар алдағы уақыттағы заңнамалық қызметте есепке алады.

855
Кілт сөздер:
заң
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

157
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

157
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

90
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

90
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина