Қоғам

Коронавирусқа қарсы вакцинаға ағзаны қалай дайындау керек

© Sputnik / Владислав ВодневБилборд с призывом вакцинироваться
Билборд с призывом вакцинироваться - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені жұма күні салғызған жөн деп санайды. Себебі адам вакциналаудан кейін өзін жайсыз сезінсе, үйде тынығып жата алады

 

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Терапевт дәрігер Ольга Кашубина коронавирусқа қарсы екпеге және ағзаның вакцинаға реакциясына қалай дайындалу керектігі туралы айтып берді.

Терапевт "Коронавирус: өзіңді қалай қорғау керек?" деген кітап жазып, вакцина дозасын салғызған кезде ағзаның әсері қандай болатынын болжап білу мүмкін емес екені туралы ой толғаған. Сондықтан күтпеген жағдай туындаса, демалып, өз-өзіне келу мүмкіндігін алдын ала ойластыру керек, деп хабарлайды Sputnik радиосы.

"Мен вакцинадан кейін өзімді жақсы сезіндім. Алайда оның әсері жайсыздық алып келген біраз адамды білемін. Коронавирусқа қарсы екпе саған қалай әсер ететінін алдын ала біле алмайсың. Сондықтан дайындалу да мүмкін емес. Алайда бірінші екпеден кейін екіншісіне ағза қандай реакция беретінін пайымдауға болады. Сондықтан мейлінше жұма күні вакцина салғызған дұрыс. Егер қандай да бір жанама әсері болса, онда тынығып алуға болады", - дейді Ольга Кашубина.

Ол аллергияық реакцияны бәсеңдету мақсатында екпе алдында антигистаминді дәрі ішудің қажеті жоқ екенін айтты. Бірақ дене қызуын басатын дәрі вакциналаудан кейін қажет болады.

"Егер вакциналаудан кейін өзіңізді нашар сезіне бастасаңыз, ыстықты басатын дәрі қабылдауға болады. Бұл дене қызуы мен бас ауруын басқанмен, антиденелердің жылдам түзілуіне, ағзаның вакцинаға иммундық әсеріне еш әсер етпейді және оның тиімділігің төмендетпейді", - деді дәрігер.

Коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салғызуға болмайды

Кез келген вакциналау кезінде бірқатар себепке байланысты екпеге тыйым салынатын адамдар тобы болады. Сондықтан екпе салғызар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

Коронавирусқа қарсы екпені кімге салмайды:

  • КВИ ауыр түрімен ауырып жатқан және коронавирус жұқтырғанын растайтын ПТР-тест нәтижесі бар адамдарға;
  • инфекциялық ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарға, олар карантин уақыты аяқталғаннан кейін екпе алады;
  • КВИ-дің кез келген түрімен ауырып тұрған адамдарға, оларға сауыққаннан кейін 6 айдан соң және вакциналау алдында денсаулығын тексергеннен кейін ғана екпе салынады;
  • өткір инфекциялық ауруы бар, созылмалы ауруы асқынған науқастарға. оларға емдеу аяқталғаннан кейін екі апта өткен соң вакциналауға кеңес беріледі.
Жаңалықтар
0