Қоғам

Банк қазақстандықтарға интернет алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болғанын ескертті

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Алаяқтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған құжаттарды қолданады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Halyk Bank қаскүнемдер сенгіш адамдардың ақшасын алып қою үшін жаңа алаяқтық схемасын қолдана бастағанын хабарлады.

Басқа біреу сіздің атыңыздан кредит алса не істеу керек: қарыздан құтылу жолдары 

Қылмыскерлер клиенттерге қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін таныстырады. Осыдан кейін олар банктің логотипі мен атрибутын заңсыз пайдалана отырып, WhatsApp арқылы қаржы қалдығын көшіру туралы жалған келісім жібереді.

"Сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар", - деп ескертті банктің баспасөз қызметі.

Halyk Bank қоңырау күмәнді болып көрінсе, келіссөздер жүргізбеуді сұрайды және 7111 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді.   

Жаңалықтар
0