Қоғам

Коронавирустың үнді штамы Шымкентке жетті - қала әкімдігі

© REUTERS / JON NAZCAВрачи работают с материалами для ПЦР-тестов в мобильном центре по анализам на коронавирус
Врачи работают с материалами для ПЦР-тестов в мобильном центре по анализам на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Естеріңізге салсақ бұған дейін "Дельта" штаммы Нұр-Сұлтан мен Алматыда табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Шымкентте коронавирустың үнді штамының алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өз парақшасында.

"Коронавирус 143 адамда анықталды, оның ішінде жаңа туған нәресте бар", - деп жазды Мұқан Instagram-да.

Коронавирустың таралуы бойынша Шымкент "қызыл" аймаққа енген болатын. Өткен тәулікте коронавирус 2436 адамда анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шыңғыс Мұқан - Shynggys Muqan (@shynggys_muqan)

Бұған дейін "Дельта" штамы Нұр-Сұлтанда (21 маусым) және Алматыда (23 маусым) табылды.

Алматыда жаңа мутациялы вирус алғаш 1984 жылы туған үй қызметіндегі әйел мен оның баласында расталды.

Оқи отырыңыз: "Антиденелер көмектеспейді": Алмаз Шарман коронавирустан қорғанудың жолын атады

Алматыда жаңа штамм әлі де анықталып жатыр. Эпидемиологтардың айтуы бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен сынамалар саны 114-тен 188-ге дейін өсті.

Соңғы аптада ауру белгілері бар коронавирус жұқтырғандардың үлесі 32%-тен 53%-ке дейін көбейді. Бұл "Дельта" штамының жоғары патогенділігін көрсетеді.

Жаңалықтар
0