Қоғам

Үнді штамы барлық өңірде анықталды – министрлік дабыл қақты

© REUTERS / STRINGERМедики собирают пробирки с ПЦР-тестами на коронавирус для отправки в лабораторию
Медики собирают пробирки с ПЦР-тестами на коронавирус для отправки в лабораторию - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Дельта штамының таралуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан өз денсаулығына және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлық жасауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың "Дельта" штамының таралуына байланысты науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерге ПТР-скрининг жасады, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.  

Ресми мәліметке сәйкес, 1 шілдеде үнді штамын анықтау мақсатында 414 сынаманың ПТР-скринингі жасалып, 48,3 проценті расталды.

"Үнді штамы барлық облыс gен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды", - делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Бір тәулікте 2 590 адамнан коронавирус инфекциясы табылды 

Алайда мутацияның бар-жоғын және оның "дельта" штамына жататындығын түпкілікті растау үшін тексерістен өткізілетін сынаманың ДНҚ-үлгілерінің нәтижесін күту керек.

"Дельта штамының ерекшеліктері – инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілері басым, аурудың тез дамуы, жас науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдерге анағұрлым ауыр соғуы. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан өз денсаулығына және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлық жасауды сұрайды", - дейді комиссия мүшелері.

Осы орайда мамандар инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы вакциналау екенін еске салды. Сондай-ақ бетперде, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқа сақтық шараларын ұмытпау қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша "дельта" SARS-CoV-2 штамы әлемнің 96 елінде тіркелді.

Жаңалықтар
0