Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Алғаш рет екі адам ұстайды: Тоқаев Токиоға баратын спортшыларға туды тапсырды

94
Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында президенттің ұлттық құрама мүшелерімен дәстүрлі кездесуі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиоға ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына баратын спортшылармен кездесті. Карантин шараларына байланысты барлығы Ақордаға келе алмады. Көбісі Алматыдағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығынан бейнебайланыс арқылы қосылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

© Официальный сайт Президента РК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиоға ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына баратын спортшылармен кездесті

Президент аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты. Ал спортшылар сан алуан шектеу шараларына қарамастан, лицензия үшін күресіп, басты додаға жолдама алды. 

"Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер", – деді Тоқаев. 

Осы орайда мемлекет басшысы Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және көздеген мақсаттарына жетуге шабыт беретінін жеткізді. Ал Токиоға аттанатын спортшыларымыз рекордтық нәтиже көрсетіп, Қазақстанның әлемдегі жетекші спорт державаларының арасындағы беделін нығайтады деген сенім мол. Президент атлеттердің әрбір жеңісінен кейін назардан да, камерадан да тыс қалатын жаттықтырушылардың қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады. Екеуі де Олимпиадада Туды ұстап шығады.

© Официальный сайт Президента РК / AMAN
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады

Биыл Халықаралық Олимпиада комитеті гендерлік теңдікке қатысты екі маңызды шешім шығарған болатын. Біріншіден, әрбір құрамада, кем дегенде, бір спортшы әйел болуы шарт. Екіншіден, спортшы әйел де туды алып шыға алады. Осыған байланысты ұйым барлық ұлттық Олимпиада комитеттеріне хат жолдап, осы мәселені ескеруге кеңес берген.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды

"Біз халқымыздың риясыз махаббатын сезінеміз және өзімізге жүктелген жауапкершілікті түсінеміз. Сондықтан Отанымыздың абыройын арттыру үшін бар күшімізді салып, шеберлігімізді паш етеміз", – деді Ольга Рыпакова.

Ал Қамшыбек Қоңқабаев  қазақстандықтардың сенімін ақтау үшін құрама команда барын салатынын жеткізді.   

"Сіздің қолыңыздан еліміздің Туын алу – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Олимпиадаға қатысушы спортшылар қастерлі санайтын осы Тудың Токио төрінде жиі көтеріліп, Әнұранымыздың шырқалуы үшін барымызды саламыз", - деді капитан.

Айта кетейік, 23 шілде күні Олимпиада ойындары салтанаты түрде ашылады.  Қазақстан құрамасы жолға шыққанға дейін жаттығу базаларында, кем дегенде, екі апта карантинде болады. Ал 16 шілдеде Жапонияға аттанады. Қауіпсіздік пен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларды "Air Astana" әуекомпаниясының чартерлік рейстерімен апарады.

94
Кілт сөздер:
спортшылар, ұлттық құрама, Қазақстан ұлттық құрамасы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (115)
Тақырып бойынша
Олимпиадаға Қазақстаннан қандай танымал спортшылар баратыны белгілі болды
Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды
Токио Олимпиадасына теннис бойынша кімдердің баратыны белгілі болды
"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады

3
Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенаторлар жергілікті мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін шешілген жоқ.

"Біз өңірлерге іс-сапармен шыққанда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екеніне куә болдық. Атап айтқанда, үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі еседен артық көтерілген. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбекақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Ондай жағдай 2016 жылы да болған", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол мәслихат хатшыларының жалақысын да жариялады. Оның айтуынша, аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, ал бөлім басшысынан 50 процентке төмен жалақы алады.

"Мысалы, Қызылорда облысында аудандық деңгейде мәслихат хатшысы 200 мың теңге, ал мәслихаттың аппарат басшысы 453 мың теңге, бөлім басшысы 302 мың теңге алады. Ал облыстық деңгейде мәслихат хатшысы 467 мың теңге, мәслихаттың аппарат басшысы 634 мың теңге, ал бөлім басшысы 400 мың теңге жалақы алады. Мәслихат хатшыларының аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда", - деп атап көрсетті Бақтиярұлы.

Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды.

"Тексеру комиссиялары төрағаларының жалақысы тек 33 процентке, тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысы 17 процентке ғана көбейді. Ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссиясының мүшелері өз өкілеттіліктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдарының жұмысына баға беріп, тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн", - дейді Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенаторлар мәслихаттарға қол жинау және петиция жасау құзіретін беруді ұсынды. Олар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

3
Кілт сөздер:
жалақы, сенатор, мәслихат
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді
Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты
Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанға қарай жолға шыққан қызылордалық он күннен бері табылмай жатыр

65
(Жаңартылды 18:04 22.09.2021)
Жігітті туыстары, полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Жеке көлігімен Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтанға кеткен 25 жастағы жігіт он күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Полиция іздеу жұмыстарын бастады.

Пропавший житель Кызылорды Самат Бегимбай
© Photo : ОФ "Волонтеры Кызылорды"
Хабар-ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғыны Самат Бегімбай

"Қызылорда еріктілері" қоғамдық қоры қазақстандықтардан жоғалған адам туралы ақпаратты өңірлерде барынша таратуды сұрады. Туыстары жолға шыққан жас жігіттен он күн бойы хабар ала алмай отыр.

"Самат Бегімбай 12 қыркүйек таңғы он шамасында қара түсті Subaru Legacy көлігіне отырып Жезқазған тас жолымен Қызылордадан Нұр-Сұлтанға кеткен. Содан бері байланысқа шыққан жоқ", - деп мәлімдеді қордағылар.

Жігіт 25 жаста, өзімен бірге ноутбугы мен жеке заттары болған. Жоғалған күні үстіне сұр түсті спорт киімін киген.

Қала полициясы кез келген ақпарат іздеу жұмыстары үшін маңызды екенін айтты.

"Жас жігіт іздестіріліп жатыр, барлық ресурс жұмылдырылды. Ол жайлы кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді полициядағылар.

Із-түзсіз кеткен ер адамды көрген-білгендер болса, "102" нөміріне хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз: 

65
Кілт сөздер:
Қызылорда, полиция, жас жігіт