Қоғам

Тоқаев Елбасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия памятника Елбасы Нурсултану Назарбаеву
Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия памятника Елбасы Нурсултану Назарбаеву - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Ескерткіш елордада жуырда ашылған саябақтың аумағында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.

Ескерткіш елордада Әлихан Бөкейхан мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы жуырда ашылған саябақтың аумағында орналасқан.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Елорда күні қарсаңында қаланың рухани келбетін көркейте түсетін жаңа кешендер ашылатынын атап өтіп, былтыр осы игі дәстүрмен Елбасы кітапханасы музейінің бой көтергенін және оның  алдынан ашылған саябақ қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналғанын айтты.

"Сондықтан бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне орнатылған тарихи ескерткішті дәл осы жерде ашып отырмыз. Мерейлі жылда мұндай сәулет туындысының бой көтеруі – заңды құбылыс", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттіліктің негізін қалыптастыруға, еліміздің шекара шебін айқындауға, халықаралық келісімдермен біржола шегендеуге, жаһандық дағдарысты еңсеруге, халықаралық беделін нығайтуға Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын атап өтті. 

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты
Тоқаев Елбасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Мемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты

"Елбасы көптеген халықаралық бастама көтеріп, мемлекетімізді жаһандық саясаттың төріне шығарды. Оны бүкіл әлем ұлы саясаткер, тарихи тұлға ретінде біледі. Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның бүгінгі және ертеңгі ұрпағы осындай ұлт перзентіне қарап, бой түзейді", – деді президент.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аса қауіпті сын-қатерлер мен жаппай қираған қиын-қыстау кезеңде Елбасы халықтың өзіне деген сенімін ұялатып, ертеңгі күнге деген үміт отын жаға білгенін атап өтті.

"Халықты ауқымды өзгерістерге талмай жетелеген Тұңғыш президент аса жауапты өзгерістердің, ауқымды реформалардың нақты іске асырушысына және Тәуелсіздігіміздің символына айналды", – деді мемлекет басшысы.  

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаЖиын соңында мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады
Тоқаев Елбасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жиын соңында мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің саяси және экономикалық жетістіктерінің негізінде Елбасының бірегей бастамалары жатқанына назар аударды.

"Елбасының стратегиялық бағыты – елімізді одан әрі жаңғыртуға негізделген саясатымыздың берік негізі. Құбылмалы әлемде реформаларды табысты жүзеге асыру үшін бізге айқын идеологиялық бағдар, орнықты әрі құнды негіз қажет", – деді президент.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою – тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты
Тоқаев Елбасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Мемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты

Осыған байланысты президент жақын күндері Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтты.

Жиын соңында мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады.

Жаңалықтар
0