Қоғам

Қазақстанда тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді

© Sputnik / Владислав ВодневЖители столицы
Жители столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2021
Жазылу
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тоғыз өңір тұр. Қазақстанның өзі "қызыл" аймақта

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik.  Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Соған сәйкес коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлер қатарына Павлодар облысы қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
  • "Сары" аймақта: Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 3 003 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз: Вакцина алғандар және алмағандар COVID-19-бен қалай ауырады – маман жауабы

Жаңалықтар
0