Домбыра

Ұлттық домбыра күні: қандай іс-шаралар өтеді

62
(Жаңартылды 10:52 04.07.2021)
Бүгін – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдың 13 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық домбыра күнін шілденің алғашқы жексенбісінде атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ұлттық домбыра күніне арналған онлайн форматта мерекелік концерт өтеді. Концерт QAZAQSTAN телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

2018 жылы 13 маусымда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық домбыра күнін шілденің алғашқы жексенбісінде атап өту туралы жарлыққа қол қойды.

Домбыра - қазақ халқының рухани мұрасы мен бай дәстүрінің нышаны. Ғасырлар бойы ол қуанышта да, шерлі күндер мен жеңісті күндерде халқымыздың жанында. Ұрпақтан-ұрпаққа домбыра пернесінен күмбірлеген күй арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз, салтымыз бен аңыздарымыз келіп жеткен.

Осы дәстүрдің жалғасы ретінде 4 шілде, сағат 11:00-де телевизиялық түсірілім форматында QAZAQSTAN телеарнасында "Ұлттық домбыра" күні аясында "Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" концерті өтеді.

Концертте Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрі, Н. Тілендиев атындағы "Отырар сазы" этнофольклорлық оркестрі, Тәттімбет атындағы академиялық филармониясының халық аспаптарынан құралған жиынтық оркестр мен еліміздің дәстүрлі өнерпаздары сахнаға шығады.

Ұлттық домбыра күнінде республикамыздың 17 өңірінен келген тәуелсіздік құрдастарынан құралған 30 домбырашы тәуелсіздіктің мерейлі 30 жылдығына күйден шашу шашады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына алғашқы рет домбыра күніне арнайы сыйлық ретінде ЕХРО орталығы алаңында күй мектептерінің көрнекті тұлғаларының күйлерін ұялы телефонмен QR-код арқылы жүктеп алып тыңдауға болатын ақпараттық стендтер орнатылады.

Оқи отырыңыз: Домбыраның шығу тарихын оқыған мәжіліс депутаты жағасын ұстады

ЕХРО орталығы алаңында аспан астындағы сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Секен Тұрысбеков, Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Батыржан Мықтыбаев, Нұркен Әшіров сынды дәулескер күйшілеріміз атақты күйші бабаларымыз Құрманғазы, Қазанғаптан бастап Қазақстан композиторларының күмбірлеген күйінен шашу шашып, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Елмұра Жаңаберген, Ардақ Балажанова, Ерлан Рысқали сынды күміс көмей әншілер ән шырқайды.

"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" атты ән мен күй төгілген концертте жас орындаушылар – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетеді.

62
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

156
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

156
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

88
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

88
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина