Фильм трейлерінен алынған

Голливуд режиссері Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады

102
Оливер Стоун Нұр-Сұлтанға Қазақстан туралы сегіз сағаттық фильмнің премьерасына келе жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Голливуд режиссері Оливер Стоун әлеуметтік желіде "QAZAQ History Of The Golden Man" ("QAZAQ: история золотого человека) деректі фильмінің трейлерін бөлісті.

Фильмнің ұзақтығы – 8 сағат, оны режиссер Игорь Лопатёнок түсірді. Фильм Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев жайлы.

"Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл жарқын болашақ", - деп жазды Оливер Стоун өз парақшасында.

Фильм трейлерінде Қазақстанның тұңғыш президентімен сұхбаттан үзінді көрсетілген. Онда Назарбаев президенттікке қалай келгенін, Горбачев, Ельцин және Кеңес одағының ыдырауы туралы айтады.

Бұған қоса, Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаевадан да сұхбат алған. Ол қиындыққа толы болған 90-шы жылдарды еске алды.

Назарбаев Оливер Стоун жайлы: "Мен құрметтейтін америкалық"

Стоун – америкалық кинорежиссер, үш "Оскар", бес "Алтын глобус " иегері.

2017 жылы Стоун Ресей президенті Владимир Путинмен де сұхбаттасты.

102
Кілт сөздер:
фильм, режиссер, Голливуд, Қазақстан, Назарбаев
Тақырып бойынша
Оны алғаш рет Бейжіңде көрдім – Назарбаев Тоқаевпен қалай танысқанын айтты
"Қайтқан адам туралы жаман сөз айтпайды": Назарбаев Әбділдинді еске алды
Назарбаев: Батыс бізді Ресейден бөліп алу үшін жұмыс істеп жатыр
"Кері әсерін тигізді:" Назарбаев мұнай компанияларының жағдайы туралы айтты
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түс алынып тасталуы мүмкін

10
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

10
Архивтегі фото

Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны 6 мыңнан асты

4
Айжан Есмағамбетова вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 проценті ғана болатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6 мыңнан асты. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде вакциналаудан кейін ауырып қалғандардың жалпы саны 6 420 адамды құрайды. Олардың ішінде Спутник V-ді 5 511 адам, Hayat Vax-ты 665 адам, QazVac-ты 113 адам және CoronaVac-ты 124 адам салдырған", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысы вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 процентін ғана құрайтынын ерекше атап өтті. Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 5,2 миллион адамға жетті.

"Демек вакцинадан кейін ауырып қалғандардың саны тым аз. Бұл дегеніміз, екпенің тиімділігі бар. Дельта-штаммнан да қорғайды", - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, 23 шілде күні өткен брифингте комитет басшысы вакциналаудан кейін барлығы 4 765 адам ауырып қалғаны жайында айтқан. Олардың көбісі екпенің екінші дозасын алып үлгермеген.

4
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина