Зейнеткер смартфон ұстап отыр, архивтегі фото

Зейнеткер телефон алаяқтарын алдап соғып, олардың ақшасын алып қойды

2137
(Жаңартылды 17:54 05.07.2021)
Қартаң әйел қаскүнемдердің арам ойын бірден түсініп, өзін тақырға отырғызбақ болғандардың сыбағасын берді

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ресейде зейнеткер телефон алаяқтарымен сөйлесіп, 500 рубль тапты. Ол тәжірибелі қылмыскерлердің өзін алдап соқты, деп хабарлайды "Dоступ 1" порталы.

Алаяқ 70 жастағы шетел тілінің мұғаліміне қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған.

Қаскүнем "әріптестерінің" арасында ең танымал алгоритмдердің бірін қолданып, әйелге әлдекімдер оның шотын бұзуға тырысып жатқанын және барлық ақшаға қауіп төніп тұрғанын хабарлаған.

Ол әжейден банкте сақтап отырған қаражатын дереу қауіпсіз шотқа аударуды сұрайды. Бірақ "құрбан" оңай алдана қоймайды.

Басқа біреу сіздің атыңыздан кредит алса не істеу керек: қарыздан құтылу жолдары

Шотында небәрі 50 рубль барын білетін зейнеткер әзілдесіп, біраз ақша табуға бел буады. Ол алаяққа ұялы телефонында ақша аз болғандықтан қайта хабарласа алмай қалуы мүмкін екенін айтқан.

Қармаққа ілінген олжадан айырылып қалудан қорыққан қылмыскерлер оған 500 рубль аударған.

Алаяқ өзінің алданып қалғанын түсінген кезде қалай ашуланғанын айтпаса да түсінікті: ол банктегі 50 рубль туралы естіген бойда тұтқаны тастай салыпты.

2137
Кілт сөздер:
алаяқ, телефон
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

141
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

141
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

77
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

77
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина