Назарбаев Университетінің студенттері

300-ден астам қазақстандық шетелдік ЖОО-да тегін оқи алады

42
(Жаңартылды 13:32 07.07.2021)
Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. 330 қазақстандық шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Олар Қазақстан мен басқа елдер арасында министрлік бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқиды. Яғни Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр – 250, Қытай – 47, Польша – 11, Украина – 10, Словакия – 3, Әзірбайжан – 8, Вьетнам – 1.

Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді.

"Әңгімелесу барысында әрбір үміткерге мамандық таңдауға деген ынтасы мен жігері, теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған мамандығы саласындағы жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін сұрақтар қойылды. Сондай-ақ біз ойлау логикасының деңгейін, сөйлеу сапасын, кез келген жағдайдағы мәселелерді шешу бойынша үміткерлердің жеке қасиеттері мен дағдыларын бағаладық. Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды", – деді халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова.

Үміткерлерді іріктеуді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторларынан құралған тәуелсіз комиссия жүргізді.

Тәуелсіз сараптама комиссиясы негізгі және резервтік тізімге шет тілін білу деңгейі, білімі туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесудің орташа бағасының жиынтығы бойынша ең жоғары орташа балл жинаған үміткерлерді енгізді. Үкіметаралық гранттар операторы – халықаралық бағдарламалар орталығы.

Оқи отырыңыз: "Болашақ–2021": стипендияның жаңа мүмкіндіктері қандай – видео

Білім және ғылым министрі мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің қатысуымен өткен Қазақстан – Еуропа форумында тараптар білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын айта кеткен жөн.

42
Кілт сөздер:
ЖОО, шетелдік, 'Болашақ' стипендиясы, 'Болашақ' бағдарламасы
Тақырып бойынша
"Болашақ" стипендиясына – 27 жыл: Айнұр Кәрібозова бағдарламаның жаңашылдықтарын бөлісті
Білім министрлігі "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады
Аймағамбетов: болашақ педагогтер кешеден бері жоғары стипендия ала бастады
Қазақстанда стипендияны төлеу тетігі өзгерді
2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша қанша квота бөлінеді
Ақорда ғимараты

Тоқаев екі әкіммен телефон арқылы сөйлесті

30
Президент Алматы әкіміне коронавирус індетінің таралуына жол бермеу бойынша жұмысты күшейтуді және шектеу шараларының сақталуын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің есебін тыңдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Президентке Алматы облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде телефон арқылы баяндалды.

Амандық Баталовтың айтуынша, негізгі салалардың барлығында өсім қамтамасыз етіліп, қысқа мерзімді экономика көрсеткіші 109,4 пайыз болған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді. Облыс әкімі соңғы апта ішінде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1 пайыздан аспағанын жеткізді. Өңірде 4 мың төсек-орын қарастырылған. Жұқпалы індет стационарының 55,8 пайызында, жансақтау бөлімдеріндегі орындардың 13 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету туралы мәлімет алды. Әкім облыста орталықтанған сумен қамту 98,3 пайыз болғанын және бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі екенін айтты. Биыл 7 ауылға су құбырын тартып, 11 елді мекенді таза ауыз сумен қамту арқылы көрсеткішті 99,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жобаға 10,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Алдағы бес жылдың ішінде тағы 33 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 72 елді мекенде желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Президентке Амандық Баталов Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшып-қону жолағын жөндеу жұмысының, Алакөл жағалауындағы су тазарту құрылғылары құрылысының басталғанын және ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға және ішкі туризмді ілгерілетуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Бұдан кейін мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен шаһардағы коронавирус індетінің таралуына қарсы атқарылып жатқан шаралар мен қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселелерін телефон арқылы талқылады.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, "дельта" штамының таралуына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай күрделі болып тұр. Өткен аптада індет жұқтыру 1,4 есе артып, 7 936-дан 10 805-ке жеткен. Бір тәулікте вирус жұқтыру 1,4 пайызға көбейген. Соңғы тәулікте жаңадан 1558 науқас тіркелсе, олардың 1480-інде індеттің белгілері бар.

Науқастар санының артуына байланысты қосымша жұқпалы аурулар ауруханалары ашылуда. Қазір 7625 науқас ем қабылдап жатыр, 2400 орындық төсек-орын қоры жасақталды.

Қаланың дәріхана желісін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 5 миллиард теңге көлемінде тұрақтандыру қоры құрылды. 68 түрлі дәрі-дәрмектің қажетті мөлшері жасақталды. Қаланың медициналық ұйымдары дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қорымен қамтамасыз етілген.

Тұрғындарға жаппай екпе салу жалғасып жатыр. Қалада 167 вакцина салу пункті жұмыс істеп тұр. 4 тамыздағы жағдай бойынша 740 487 адамға екпенің бірінші компоненті, 545 954 тұрғынға екінші компоненті салынған.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне коронавирус індетінің таралуына жол бермеу бойынша жұмысты күшейтуді және шектеу шараларының сақталуын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.

Әңгімелесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурызбай ауданына қосылған ықшам аудандардағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар қаланың тарихи орталығындағы құрылыстарды шектеу мәселелері көтерілді.

30
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Архивтегі сурет

Әкімдік 19 миллионыншы тұрғынның отбасына 1 млн теңге сыйға тартты

64
(Жаңартылды 17:59 04.08.2021)
Әкімдік нәрестенің отбасына балалар арбасын, сәби күтіміне арналған жиынтық, жеміс-жидек себеті мен басқа да сыйлықтар сыйлады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматы облысының әкімдігі Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы атанған Жәния Азаматқызының отбасына 1 миллион теңгенің сертификатын тарту етті, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев сәбидің отбасымен кездесті. Шенеуніктер қыздың ата-анасын қуанышты күнмен құттықтап, мықты денсаулық және бақытты ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ отбасына облыс әкімінің атынан құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Бұдан бөлек, балалар арбасын, сәби күтіміне арналған жиынтық, жеміс-жидек себеті мен басқа да сыйлықтар сыйлады.

Жәнияның әкесі Азамат Нұрғалиевтің айтуынша, бұл бүкіл отбасы үшін күтпеген оқиға болды.

"Біз басында сенген жоқпыз, қателесіп кеткен шығар деп ойладық. Учаскелік дәрігер хабарласып, бізді әкімдік іздеп жатқанын айтқанда ғана сендік. Біз қызымызды Қазақстанның лайықты азаматы етіп тәрбиелеуге тырысамыз", - деді ол.

Ал нәрестенің анасы Назгүл Көбентаева Жәния ол үшін ерекше бала екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

"Жәнияны біз бес-алты жыл күттік. Қызымыз дүние есігін ашқан сәттен бастап бүкіл Қазақстанға танымал болды, болашақта да белгілі азамат болады деген үміттемін", - деді келіншек.

20 маусым күні Алматы қаласының перзентханасында Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

Сәби түнгі сағат екіде туды, салмағы – 4160 грамм , ал бойы – 57 см.

Нәрестенің ата-анасы – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев пен 1986 жылғы Назгүл Көбентаева Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады.

Жәния Азаматқызы – отбасындағы төртінші бала.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

64
Кілт сөздер:
Алматы облысы, сәби, Қазақстан халқы
Архивтегі фото

Жаңа оқу жылында Ресейге қалай кіруге болады студенттерге арналған ереже түсіндірілді

0
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі пандемия кезінде елге кіруге қатысты ақпаратты нақтылауға болатын "қауырт желіні" іске қосты

МӘСКЕУ, 4 тамыз – Sputnik. Коронавирус пандемиясы жалғасып жатқанына қарамастан, Ресейде оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте  басталады. Бұл туралы "Россотрудничество" агенттігінде 2021 жылы Ресей жоғары оқу орындарында білім алуға шетел азаматтарын іріктеу науқанының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

"Студенттерді елге кіргізу немесе кіргізбеу біздің құзыретіміздегі шаруа емес. Бірақ біз оқуға түскен шетелдіктердің құқығын қорғаймыз, биліктен кіруге рұқсат беруін сұраймыз, – деп мәлімдеді агенттік басшысы Евгений Примаков. –  Қазір Ресей үкіметінің қаулысымен бекітілген елдердің тізіміндегі азаматтар білім алу үшін елге кіре алады және бұл тізім үнемі өзгеріп отырады".

Әңгіме №636 қаулы туралы болып отыр, ондағы №1 қосымшада қазіргі уақытта Ресейге кіруге рұқсат алған 50 мемлекет көрсетілген, деді Евгений Примаков. Соған қарамастан, егер ел бұл тізімге кірмесе, келу мүмкіндігін жеке талқылауға болады.

"Көптеген жағдайда кіру мәселесін ЖОО қадағалайды, олар өз тарапынан білім және ғылым министрлігінен, үкімет комиссиясынан кіруге рұқсат сұрата алады", - деді Евгений Примаков.

Сондай-ақ, Россотрудничество басшысының айтуынша, Ресей жоғары білім және ғылым министрлігінің жанынан студенттерге арналған "қауырт желісі" бар жағдаяттық орталық жұмыс істейді: +7 (495) 198-00-00. Бұл телефон нөмірі арқылы әр елдің азаматтарына кіру ережесін нақтылауға болады.

Медициналық талаптар баршаға ортақ болып қала береді: студент Ресейге келгенге дейін 3 күнтізбелік күннің ішінде коронавирусқа ПТР тест тапсыруы керек. Теріс тест нәтижесі туралы құжат орыс немесе ағылшын тілінде басылуға тиіс. Ресейге келгеннен кейін студент тағы ПТР тест тапсырып, нәтиже шыққанға дейін өзін-өзі оқшаулауы керек. Егер студент келгенде оқу жылы басталып кетсе, ол ПТР нәтижесі алынғанға дейін сабаққа тек онлайн форматта қатыса алады.

Студенттерді вакциналауға және вакциналау туралы шетелдік сертификаттарды тануға келетін болсақ, бұл мәселені қазір Ресей денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр, деді Евгений Примаков.

"Вакциналау және шетелдік вакциналарды тану мәселесін қазір Ресей денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр. Яғни, біз жігіттерге не егілгенін анықтауымыз керек. Pfizer, AstraZeneca және тағы басқа вакциналардың біздің шекарадан өтуге жарамдылығы мәселесін денсаулық сақтау министрлігі шешуі керек", - деді ол.  

0