Билборд, көрнекі фото

Вакцинадан бас тартқан: Алматы облысында тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

1529
(Жаңартылды 14:45 07.07.2021)
Қазақстан республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде балалар үйінің қызметкерлерімен вакциналау немесе ПТР тест ұсыну қажеттілігі туралы әңгіме өткізілді. Қызметкерлердің бірі вакцинадан да, ПТР тест нәтижесін ұсынып отырудан да бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиешісі вакцинадан және ПТР-тест тапсырып отырудан бас тартты. Осыған байланысты балалар үйінің қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді, қалған қызметкерлер вакцина алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде "Талдықорған қаласының Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі" КММ қызметкерлеріне вакцина алу немесе ПТР тест тапсыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Балалар үйінің 93 қызметкерінің төртеуінде медициналық вакцинаға қарсы көрсеткіші бар. Тәрбиеші Н.Зубкова вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш берді, сонымен қатар ПТР-тест тапсырудан бас тартты.

Қазіргі уақытта Н. Зубкова 3 шілдеден жұмыстан шеттетілді. Қалған қызметкерлер вакцина салдырды.

Оқи отырыңыз: Вакцина алғандар және алмағандар COVID-19-бен қалай ауырады – маман жауабы

1529
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (309)
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша адам COVID-ке қарсы вакцина салдырды
ДДҰ пандемияның қауіпті кезеңіне қатысты мәлімдеме жасады
Бекболат Тілеухан коронавирусқа қарсы вакцинаны неге салғызғанын айтты
Павлодарлық әйел вакцина салғызып миллион теңге ұтып алды
Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев екі министрлікті қайта құрды

547
(Жаңартылды 13:14 27.07.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің бірқатар өкілеттігі еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріне беріліп, олар қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.

Бұл ретте заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстаннан кетуге және Қазақстанға келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер сол күйі ішкі істер министрлігінде қалады.

Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері денсаулық сақтау министрлігіне өтті.

Атап айтқанда:

  • 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;
  • 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Президент үкіметке қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Түрмелердегі кей қызмет денсаулық сақтау министрлігіне беріледі

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілетінін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс зерттеудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мекеменің әкімшілігіне тәуелді болмайды. Бұл заңсыз әрекеттерді жасыруға жол бермейді.

547
Кілт сөздер:
министрлік, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев облыстардың бірінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізді
Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Кокшетау. Его встречает аким Акмолинской области Ермек Маржикпаев

Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды

2362
(Жаңартылды 11:26 27.07.2021)
Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында хабарлады.

"Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді", - деп жазды Уәли.

Әуежайда мемлекет басшысын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әкімнен Маңғыстаудағы наразылықтар жайында сұрады 

Айта кетейік, бұған дейін президент мұнай саласындағы қиындыққа байланысты Маңғыстау облысында шешімін таппаған мәселелер көп екенін ерекше атап өткен болатын. Тоқаев жақын арада осы өңірді дамыту бойынша арнайы кеңес өткізетінін мәлімдеді.

2362
Кілт сөздер:
Көкшетау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Архивтегі фото

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

0
Пәтер тонаушылар қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника,  әшекей секілді құнды заттардың бәрін алып кетіп отырған  

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда үш ер адам өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлауды кәсіп еткен. Қазірге дейін олардың 5 қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер аула аралап, көпқабатты үйлердің терезесі мен кіреберісін бақылаған.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов қаскөйлер жұмыс күндері, адамдар жұмыста болған кезде әрекет еткенін айтты.

"Олар кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттардың бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, қауіпсіздікті бақылаған", - дейді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта үшеуі де ұсталды.

Соңғы рет қаладағы бір пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның жалпы көлемі – миллион теңге. Қолға түскен кезде ұсталғандар заттай айғақтан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық үштік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

0