Қоғам

ҰБТ-2021: Аймағамбетов кімдердің бейнежазбасы тексерілетінін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Сынама тест пен ҰБТ балдарының арасында үлкен айырмашылық бар талапкерлердің бейнежазбасы тамыздың соңына дейін тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз айына дейін қандай түлектердің ҰБТ тапсыру кезіндегі бейнежазбасы тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мысалы, биыл наурызда түлектер өз еркімен сынама тест тапсырды. Сол сынама тестілеудің балы мен ҰБТ балын салыстырып, 20 балдан көп ауытқу болса, онда осындай ауытқу бар барлық баланың бейнежазбасын бөлек қараймыз. Үлкен зерттеу өткіземіз", - деді Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Ол бұл норма былтыр алғаш рет қолданылғанын атап өтті. Биыл да тамыз айының соңына дейін ҰБТ тапсырған балалардың бейнежазбалары талданады.

"Енді тамыз айына дейін бейнекамераларды қарап, егер тәуекелдер байқалса, онда тиісті шешім қабылдауымыз керек. Өткен жылы мұндай жұмысты алғаш рет жүргізген едік. Сонда біз бекітілген талаптарға сәйкес өзін ұстамағаны, ережелерді бұзғаны үшін біраз талапкердің нәтижесін жойдық", - деді министр.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-2021: орнына басқаны кіргізбек болғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сонымен қатар Аймағамбетов магистратура мен докторантура емтихандарын да электронды форматта өткізуді тапсырды.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет "1 компьютер - 1 камера - 1 тест тапсыру" қағидаты бойынша 51 пункте электронды форматта өтті. Биылғы ҰБТ-ның артықшылығы – талапкерге тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.

2021 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 69,08 ұпай болды. Ең жоғары 140 балды тек бір бала ғана алды.

Жаңалықтар
0