Дариға Назарбаева

"Бәріміз оны қарсы алуға жүгіретінбіз ": Назарбаева әкесі туралы қызықты естелік айтты

1939
Әкем ешқашан өзінің жұмысына қатысты мәселені айтпайтын, үйде оның карьерасы талқыланбайтын, дейді Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева қазақ әйелінің қоғамдағы рөлі жайлы және Елбасы отбасында қалай тәрбиеленгені туралы айтты.

"Qazaq: history of the golden man" деректі фильмі кезінде режиссер Оливер Стоун Дариға Назарбаевадан қазақ даласында паранжы кию дәстүрі болған ба деп сұрады.   

"Біздің дәстүрімізде мұндай ешқашан болған емес, қазақ әйелі әрқашан қоғамдағы ерекше, құрметті және қадірлі орынды иеленген – әйел үйдің қазығы, ошақтың иесі. Мен мұны тіпті өз отбасымнан білемін", - деп жауап берді мәжілісмен.

Сонымен қатар Елбасының үлкен қызы отбасында әкесі Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметтің ерекше болғанын атап өтті. Балалар оны жоғары лауазымды адам ретінде емес, әке ретінде бағалап, құрметтеген.

"Мен президенттің отбасында өспедім, ол ешқашан өзінің жұмысына қатысты мәселені айтпайтын, үйде біз оның карьерасын және қандай лауазым атқарып жүргенін талқыламайтын едік. Біздің анамыз оған зор құрметпен қарады. Ол кешке шаршап келген кезде, бәріміз оны қарсы алуға жүгіретінбіз, тәпішкесін беріп, киімін шешуге көмектесетін едік", - деп еске алды Дариға Назарбаева.

1939
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

136
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

136
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

75
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

75
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина