Режиссер Сатыбалды Нарымбетов

Қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды

8232
(Жаңартылды 09:23 08.07.2021)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Танымал режиссер, кинодраматург Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

Бұдан бір күн бұрын белгілі жазушы Смағұл Елубай өзінің Facebook-тегі парақшасында Сатыбалды Нарымбетовтің асқазанындағы ескі жарасы ашылып, ауруханаға түскенін жазған болатын.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Белгілі режиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жорж Садуль атындағы сыйлығының және тәуелсіз "Тарлан" жүлдесінің иегері. 

КазГУ-дің филология факультетінде үш курс оқып, 1965 жылы Сатыбалды Нарымбетов Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий факультетіне оқуға түседі. 1974 жылы қысқаметражды "Очарование" фильмін түсірген соң, бірнеше жылдан кейін "Балалық шағымның Дон Кихоты" алғашқы толықметражды фильмін жарыққа шығарады. 1984 жылы жоғарғы режиссерлік курсты Георгий Данелияның шеберханасы бойынша тамамдайды.

Сонымен қатар Сатыбалды Нарымбетов көптеген толықметражды көркем және деректі фильмдер түсіріп, оннан астам фильмдерге сценарий жазған, бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

Режиссердің "Жас аккордеоншының өмірбаяны" туындысы қазақ киносының алтын қорына енген. Фильм Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ие болған, көптеген халықаралық фестивальдердің жүлдегері.

"Құрманғазы" атты деректі фильмнің (1972 жылы), "Зауал" (1981 жылы), "Күзгі бұралаң жол" (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, "Ұрын келген күйеу" (1987 жылы), "Созақтан шыққан Гамлет" (1990 жылы), "Көзімнің қарасы", "Жас аккордеоншының өмірбаяны", "Омпа" (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдердің режиссері. 

Марапаттары: 

  • Анапа қаласында өткен 3ші Бүкілресейлік "Кино-Шок" кинофистивальінің жүлдегері;
  • 1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
  • Фрацуз кино өнері академиясының "Жорж Сэдуль" атындағы құрметті сыйлығының иегері;
  • 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет ордені" берілді.
  • 2000 жылы Тәуелсіз "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері.
  • 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
  • 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі;
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл" медалі.
8232
Кілт сөздер:
қайтыс болды, танымал тұлғалар, танымал есімдер, танымал, режиссер
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

25
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

25
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түсті алып тастау мүмкіндігі қарастырылады - денсаулық министрлігі

964
(Жаңартылды 18:59 28.07.2021)
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

964
Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

13
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

13
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин