Елжан Біртанов

Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

70
(Жаңартылды 10:14 08.07.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, орындалмаған жұмыс құны 4,1 миллион АҚШ доллары немесе 1,5 миллиард теңгеге жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.

"Біртанов пен Әбішев денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. Платформа пациенттер, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді", - дейді агенттік мамандары.

Тергеу материалдарына сәйкес, қазіргі кезде платформа жұмыс істемейді. Ал медициналық мекемелер оны пайдаланбай отырғанына тиісті дәлелдер бар.

"Орындалмаған жұмыс құны 4,1 миллион АҚШ доллары немесе 1,5 миллиард теңгеге жетеді", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Елжан Біртанов 2020 жылы маусым айында санитариялық авиацияның әуе кемесін жеке мақсатта пайдаланғаны үшін айыпталды.

"Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - дейді мамандар.

Біртанов ұсталуы

Елжан Біртанов өткен жылдың 30 қазанында күдікті деп танылып, қамауға алынды. Оған "бюджет қаржысын ірі көлемде талан-таражға салды" деген айып тағылып отыр.

6 қарашада сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстырды. Экс-министрге медициналық мекемеге баруды қоспағанда, үйден шығуға, телефонмен сөйлесуге, хат-хабарлама жолдауға және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салды. Сонымен қатар оған отбасы мүшелерінен басқа адамдармен сөйлесуге тыйым салды.

2021 жылдың 21 сәуірінде судья Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімін 14 мамырға, одан кейін 14 шілдеге дейін созды.

Сот экс-министрге "өмірге қажетті іс-әрекеттерді орындау үшін" таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Елжан Біртанов үйқамақта болуына қарамастан жұмысқа орналасты.

Экс-министр не үшін айыпталуда

Бұған дейін тергеу соты кезінде прокурор бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты айыптаумен таныстырды. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сотқа дейінгі тергеу 2015 жылы денсаулық сақтау министрлігі Ericsson Nikola Tesla Хорват фирмасымен 17,8 миллион долларға "Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жеткізуге келісімшарт жасағанын анықтады.

Прокурорлар Елжан Біртанов "платформаның жұмыс істемейтінін алдын ала білгенін" айтқан болатын. Ол Олжас Әбішевпен (бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі) алдын ала сөз байласу арқылы 2018 жылдың қазанында Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысындағы 17 емдеу мекемесінде платформаны пилоттық үлгіде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойған.

Біртановтың адвокаттары ол толық кінәсіз екенін айтып отыр.

70
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі, тергеу, Елжан Біртанов
Тақырып бойынша
"СК-Фармация" ісі: Біртанов сотта өкініш білдірді
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Бұрынғы еңбек министрі Нұрымбетовтің ағасы 10 жылға сотталды
Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады
Ауруханада жатқан министр Біртанов желіде дәрігерлер туралы жазба жариялады
LinkedIn

Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

15
Шектеу әлеуметтік желіде жалған аккаунттардың көбеюімен және республика аумағында тыйым салынған интернет-казиноны жарнамалаумен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды.

Желі қолданушылары 26 шілде кешке сайтқа кіре алмай жатқанын айтып шағымдана бастады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn желісіне қолжетімділік ресурс тарапынан болған заңбұзушылықтарға байланысты шектелгенін түсіндірді.

"Мониторинг барысында LinkedIn интернет-ресурсында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Интернет-казино жарнамаланып, нақты адамдардың атынан фейк аккаунттар ашылған. Айта кетсек, мұндай материалдарды орналастыру Қазақстанның заңнамасына ғана емес, LinkedIn ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді", - деп мәлімдеді министрліктегілер.

Ведомство ақпаратынша, LinkedIn-нің пайдаланушы келісімінде қатысушылар жариялайтын ақпарат шынайы және заңды болуға, үшінші тарапқа тиесілі құқықтарды бұзбауға тиіс екені көрсетілген.

Бұған қоса, интернет-ресурстың жарнама орналастыру ережелерінде қолданушының жалған ақпарат ұсынуына немесе жаңылыстыруға, сондай-ақ құмар ойындар жарнамасына тыйым салынған.

Тағы оқыңыз: Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес

"Осыған байланысты министрлік "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабы 3-1-тармағына сәйкес LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне анықталған заңбұзушылықтарды жою және тиісті материалдарды өшіру бойынша шаралар қабылдау талабымен хабарлама жолдады. Алайда, өкінішке қарай, LinkedIn әкімшілігі тарапынан заңбұзушылықтарды жоюға қатысты шара қабылданған жоқ", -деп түсіндірді ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Заңбұзушылықтар жойылған жағдайда Қазақстан аумағында LinkedIn желісі қайта ашылады.

Айта кетсек, 2018 жылдың қазанында ақпарат министрлігі азаматтарға LinkedIn әлеуметтік желісі арқылы ақпарат жіберумен байланысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін ескертті.

Бүгінде LinkedIn желісіне 500 миллионнан астам қолданушы тіркелген, сайт 24 тілде жұмыс істейді. 2016 жылдың маусымында Microsoft компаниясы сайтты 26,2 миллиард долларға сатып алды. 2016 жылдың тамызынан бастап LinkedIn ресейлік қолданушылардың жеке деректерін сақтау ережелерін бұзғаны үшін Ресей аумағында бұғатталды.

15
Кілт сөздер:
бұғаттау, әлеуметтік желілер
Тақырып бойынша
Қазақстанда Ресейдің кітап сататын интернет-дүкені бұғатталды
YouTube ресейлік БАҚ-ты неге бұғаттады
Қостанайлықтың телефонын жиі қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев екі министрлікті қайта құрды

1836
(Жаңартылды 13:14 27.07.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің бірқатар өкілеттігі еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріне беріліп, олар қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.

Бұл ретте заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстаннан кетуге және Қазақстанға келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер сол күйі ішкі істер министрлігінде қалады.

Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері денсаулық сақтау министрлігіне өтті.

Атап айтқанда:

  • 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;
  • 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Президент үкіметке қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Түрмелердегі кей қызмет денсаулық сақтау министрлігіне беріледі

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілетінін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс зерттеудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мекеменің әкімшілігіне тәуелді болмайды. Бұл заңсыз әрекеттерді жасыруға жол бермейді.

1836
Кілт сөздер:
министрлік, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев облыстардың бірінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізді
Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды
Бокс, Олимпиада

Қазақстан үшін сәтті салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жекте ұтылды

0
(Жаңартылды 15:06 27.07.2021)
Бұған дейін Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит те рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасына 69 салмақ дәрежесі бойынша жолдама алған Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық боксшы бірден екінші айналымнан бастады. Оған қарсы америкалық Деланте Джонсон шықты. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Жүсіповқа жоғары ұпай қойды. Ал екінші раунда америкалық боксшы басым болды. Үшінші раунда бір төреші ғана Абылайханның дайындығын жоғары бағалады. Осылайша, жерлесіміз 1:4 есебімен ұтылып қалды. 

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит (91 келі) те рингке шығады. Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

Айта кетер3, 2004 жылдан бері Қазақстан үшін бокстағы  69 келі салмақ дәрежесі сәтті болған. Боксшыларымыз төрт Олимпиадада қатарынан алтын медаль иеленген. Мәселен, Рио Олимпиадасында Данияр Елеусінов алтыннан алқа тақса, оған дейін Серік Сәпиев Лондонда чемпион атанған болатын. Оның алдында Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаев та дәл осы салмақта топ жарған. Боксшылармыз Вэл Баркер кубогын да екі рет иеленді.

 

0
Тақырып:
Токио Олимпиадасы