Астрология, гороскоп

8 шілде - осы айдағы ең сәтті күн: оң өзгеріс сағат нешеде болады

183
Дәл бүгінгідей сәтті уақыт шілде айында бір-ақ рет болады. Жоспарлар орындалып, жүректер табысатын кез

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Белгілі тележүргізуші, астролог Василиса Володина шілде айына арналған болжамын бөлісті.

Оның айтуынша, 8 шілдеде (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-23.00) жетінші айдағы ең сәтті уақыт туады. Бұл кезде, әсіресе, туыстармен байланысты баспана мәселесіне мән берген жөн.

"Сондай-ақ, бұл уақытта адамдар оңай тіл табыса алады. Бүгін кешке бар нәрсенің орайы келеді", - деді маман өзінің YouTube арнасында.

Шілде айында тағы қандай күн сәттілік әкеледі

Жаздың екінші айында сәтті күндер сирек болмайды. Мәселен, 12 шілде косметологиялық процедуралар жасау үшін қолайлы, дейді астролог.

Ал шілденің 17-сі күні махаббат төңірегіндегі мәселелерді шешумен айналысқан жөн. Бұл күні жүректер тоғысып, ерлі-зайыпты отбасылық проблемалардың шешімін таба алады. Бұған дейін жұптар арасындағы сезім сыр берсе, дәл осы күні реттеуге мүмкіндік бар.

21 шілде күні демалысты жоспарлау үшін таптырмас сәт туады. 30 шілдеде келіссөздер, іскерлік коммуникация орнатуға болады. Ал шілденің 31-і күні әйелдер құрбыларымен жүздесіп, анасымен сырласа алады.

183
Кілт сөздер:
шілде, астрология
Тақырып бойынша
Шілде айына болжам: маман қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты
2021 жылға жұлдыз жорамал: сиыр жылы кімдер үшін табысты болады
Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады
Бурабай әлде Мальдив? Министрлер жазда қайда демалатынын айтты - видео
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

9
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

9
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

208
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

208
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды