Коронавирусқа қарсы вакцина

Әділет министрлігі міндетті вакциналауға қатысты мәлімдеме жасады

8451
(Жаңартылды 11:32 08.07.2021)
Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакциналау Конституцияға қайшы келмейтінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Әділет министрлігі COVID-19-ға қарсы вакциналау міндеттілігінің құқықтық негізі туралы айтты.

Ведомствоның ақпаратынша, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін Денсаулық туралы кодексте профилактикалық екпелер егу шарасы көзделген.

Кодекстің 85-бабы 4 және 8-тармақтарына сәйкес, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті.

Олардың қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл үкіметтің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысында айтылған.

"Осылайша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін COVID-19-ға қарсы міндетті вакциналаудың құқықтық негіздері бар және бұл "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген (Конституцияның 31-бабы) конституциялық нормаға сәйкес келеді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, Қазақстан Конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілей отырып, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды

Конституцияның 39-бабы 1-тармағына сәйкес, құқықтар мен бостандықтар халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін.

8451
Кілт сөздер:
Қазақстанның әділет министрлігі, вакцина, коронавирус
Тақырып бойынша
Депутаттар коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы не ойлайды?
Танымал вирусолог пандемияның қашан аяқталатыны, вакциналау туралы айтып берді - видео
Жиырма адамнан асатын ұжымды міндетті түрде вакциналау енгізіледі
Бекшиннің орынбасары міндетті вакциналау туралы айтты – видео
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

153
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

153
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

88
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

88
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина