Кісен, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда дипломы бар биотехнологтың қылмысы әшкере болды видео

70
(Жаңартылды 13:26 08.07.2021)
Қалалық саябақта жедел тергеу шараларын жүргізу барысында жігіт полицейлерге есірткі жасырған құпия орындарын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Елордалық полицейлер қаладағы элиталы тұрғын үй кешенінің пәтерінде орналасқан есірткі зертханасын жойды.

27 жастағы биотехнолог зертханада "Мефедрон" және "Амфетамин" синтетикалық есірткілерін дайындаған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.  

Есірткі зертханасы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде жалдамалы пәтерде орналасқан. Күдікті өзі дайындаған есірткіні интернет-дүкені арқылы сатып келген.

"27 жастағы биотехнологтың үйін тінту кезінде синтетикалық есірткі дайындау формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, психоактивті заттар өндіруге арналған химиялық компоненттер, колбалар, қаптауға арналған полиэтиленді қалташалар, дербес компьютер (сол арқылы есірткіні сатқан), сонымен қатар салмағы 10 грамнан асатын дайын "синтетика" табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Күдікті есірткіні өзінің интернет дүкені арқылы сатқан. Сатып алушылармен бетпе-бет кездеспес үшін есірткіні халық көп жүретін орындарда, орталық саябақтарда, тіпті, балалар алаңдарына да қалдырып кетіп отырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Елордадағы қалалық саябақтардың бірінде жедел тергеу шараларын өткізу барысында жігіт полицейлерге есірткі жасырған құпия орындарын көрсетті.

Операция нәтижесінде синтетикалық есірткінің бір реттік 60 дозасы заңсыз айналымнан алынды.

Полиция департаментінің ақпаратынша, қазір ұсталған азамат қамауда отыр. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша айып тағылды. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: "Қатты қорқып жүрдім": Қарағандыда аптасына 200 мың теңге тапқан қыз 10 жылға сотталды

Айта кетсек, бұл елордалық полицейлер жыл басынан бері жойған осымен екінші зертхана. Бұған қоса, осы жылдың 6 айы ішінде заңсыз айналымнан 45 келіден астам есірткі тәркіленді, олардың арасында "героин", "марихуана", "наша" және "синтетикалық есірткі" бар. 12 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, елордалық полиция есірткі арналарын жоюға қала тұрғындарының да көмегі тиетінін атап өтті. Мәселен, жыл басынан бері тұрғындар есірткі сататын интернет дүкендер жарнамаланған 51 граффити сурет туралы хабарлаған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, деп сендірді полиция департаменті.

70
Кілт сөздер:
полиция, есірткі, зертхана
Тақырып бойынша
Ақсуда есірткі сататын сайтқа жарнама жасаған ер адам ұсталды
Алматыда танымал музыканттар есірткі сатты деген күдікпен ұсталды – видео
Жүргізуші көлігінде сегіз килограмм есірткі барын білмеген
"100 миллион теңгеге бағаланады": Семейде ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді – видео
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ғалымдармен кездесті

Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды

4
Мұғалжар ауданы аумағындағы Жағабұлақ қорымын зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының аумағынан сармат дәуірінің қорымы табылды. Онда тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған семсер сақталған.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тарих ғылымдарының докторы, Шығыс елдері сәулеті халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Әжіғалимен, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры міндетін атқарушы Талғат Мамыровпен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ғалымдар облыс әкіміне Мұғалжар ауданы аумағында Жағабұлақ қорымынан бір ай бұрын табылған бірегей олжа – тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған көрнекті семсерді көрсетті.

Каменный жертвенный, найденный на территории могильника в Актюбинской области
© Photo : ПС акимата Актюбинской области
Ақтөбе облысының аумағындағы қорымнан табылған тастан жасалған, құрбан шалынатын орын

Қорымның өзі ерте темір дәуіріне, яғни б.д.д. VI-V ғасырларға жататын ірі кешен екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мұнда қола айналар, алтын тоға және тағы басқа ежелгі заттар табылды. Археологиялық ескерткішті зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Сонымен бірге, Қарғалы ауданында қола дәуірінің қоныс-мекендері табылды. Сол аумақтан метал пеш табылған. Бұл қазіргі Ақтөбе облысының аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың метал өндірісімен айналысқанын дәлелдейді.

Меч, найденный в могильнике Жагабулак в Актюбинской области
© Photo : ПС акимата Актюбинской области
Жағабұлақ қорымынан табылған семсер

Бұдан бөлек, жуырда өңірде Едіге батыр мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын іздеу жұмыстары басталады. Құрамына архитекторлар, этнографтар, археологтар мен арабистер кірген этнографиялық экспедицияны атақты ғалым, профессор Серік Әжіғали басқарды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және дәріптеуге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

4
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, археология
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

44
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

44
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Қамшыбек Қоңқабаев

Қоңқабаев Олимпиада финалына шыға алмады

0
(Жаңартылды 12:43 04.08.2021)
Токио Олимпиадасында екі қазақстандық боксшы жарыс жолынан шықпай келеді. Кеше Сәкен Бибосынов испаниялық Эскобар Маскунаноны жеңіп, жартылай финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпидасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Жартылай финалда жерлесіміз америкалық боксшы Ричард Торреспен кездесті. Бас кезінде Қоңқабаев қашып бокстасты. Жойқын соққыларын да шебер орындай білді. Қарсыласы да қарап қалған жоқ. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі америкалық боксшыға жоғары ұпай берді. Ал екінші раундтың соңында Қоңқабаев нокдаунға түсіп қалды. Үшінші раундта екеуі ашық бокстасты. Бірақ қазақстандық спортшы ештеңе өзгерте алмады. Қатты жарақат та алып қалды. Содан дәрігер жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Осылайша, Қоңқабаев қола жүлдені қанағат тұтты. 
Айта кетері, алғашқы жекпе-жекте Қоңқабаев мысырлық Есри Мостафа Резкты 5:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін ширек финалда ресейлік боксшы Иван Верясовтан басым түсіп, жартылай финалға шықты. 

Токио Олимпиадасында екі қазақстандық боксшы жарыс жолынан шықпай келеді. Күні кеше Сәкен Бибосынов (52 келі) испаниялық Эскобар Маскунаноны жеңіп, жартылай финалға шықты.

 

0