Зейнетақы, көрнекі фото

Зейнетақы жинағын пайдалану: қазақстандықтардың шотына қанша қаржы аударылды

74
Зейнетақы жинағын пайдалануға 64 685 әйел және 140 974 ер адам өтініш берген

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 8 шілде айындағы жағдай бойынша 1,5 трлн теңгеден астам қаражат аударды.

Оның ішінде 176 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат қайта қайтарылды.

205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі – әйелдер (64 685) және үштен екісі - ер адамдар (140 974).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (33 682 адам), олар жалпы сомасы 312 млрд теңге пайдаланған.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (32 216 адам), елорда тұрғындары 197 млрд-қа жуық теңге қолданған.

Алматы қаласы – үшінші орында (27 396 адам), алматылықтар жалпы сомасы 213 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пайдалану: салымшылар 173,7 млрд теңгені қайтарды

enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған. Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр.

"Отбасы банкінде" ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 9 359 қазақстандық, қайталама нарықтан тұрғын үй таңдаған.

Қалған 1 729 адам, алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген (36 млрд теңгеден астам). 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған (2 млрд теңгеден астам).

7 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары төмендегідей:

  • 37 428 клиент "Отбасы Банкіндегі" заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық);
  • 27 646 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық);
  • 109 830 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу);
  • 11 254 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша "Отбасы банкінен" ипотекалық тұрғын үй заемын  алды;
  • 5 591 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде);
  • 2 351 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді;
  • 302 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды;
  • 11 257 клиент емделу ақысын төледі.
74
Кілт сөздер:
зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, зейнетақы
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

17
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

17
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Картофельная запеканка

Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты

14
(Жаңартылды 08:40 29.07.2021)
Рационда сүт, балық, жұмыртқа, ет сияқты ақуыз көзі, сондай-ақ маусымдық жемістер мен көкөністер болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Диета коронавирус инфекциясынан кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі.

Ресейлік эндокринолог дәрігер Юргита Вараеваның айтуынша, әркелкі тамақтану COVID-19 індетінен кейін қалыпқа келу процесінде маңызды рөл атқарады. Тағамның калориясы өте жоғары болғаны жөн: тәулігіне дене салмағының килограмына 20-30 килокалория қажет.

Оқи отырыңыз: Адам ерте қартаяды – коронавирустың тағы бір қауіпті әсері анықталды 

Сондай-ақ, маманның айтуынша, бұлшықеттің семуімен күресу үшін рационда ақуыз жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

"Рационға бүйректің жай-күйін ескере отырып, бұлшықет тіндерінің семуімен күресу үшін дене салмағының килограмына 1,2-ден екі грамға дейін ақуыз қосу керек. Сүт, ашымал сүт өнімдері, йогурт, сүзбе, балық, жұмыртқа, құс еті, ет  (шұжық өнімдері мен сосиска кірмейді), бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), соя өнімдерімен күніне кем дегенде үш-төрт порция мөлшерінде тамақтанған жөн", - деді Вараева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Адамның рационы неғұрлым әркелкі болған сайын, соғұрлым көп қажетті қоректік заттарды ала алады, деп толықтырды дәрігер.

"Соның ішінде маусымдық жемістер мен көкөністерге назар аударған жөн, күн сайын кем дегенде бес порция (бір порцияға шамамен 80 грамм) тұтыну қажет", - деді Вараева.

Дәрігер сонымен қатар тұрақты түрде тамақтану керектігін атап өтті.

"Кем дегенде үш рет толық тамақтанып, бір-үш рет жүрек жалғап алу маңызды. Орташа мөлшерде, бірақ жиі және тұрақты тамақтанған дұрыс", - деп кеңес берді сарапшы.

Әрине, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары ешқашан өзгермейді: түнде ас ішпеңіз, соңғы рет ұйқыға жатарға дейін екі-төрт сағат бұрын тамақтанған жөн.  

14
Кілт сөздер:
дұрыс тамақтану, тамақ, коронавирус
Қамшыбек Қоңқабаев

Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады

0
(Жаңартылды 09:18 29.07.2021)
Теннисші Елена Рыбакина финалға шығу үшін маңызды ойын өткізеді. Сонымен қатар бүгін еліміздің туын көтеріп шыққан Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Олимпиадада қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жарыстардың кестесін ұсынамыз.

8.30-да су полосынан Қазақстан - Испания матчы басталды (ерлер, топтық кезең).

8.40-та академиялық ескек есу басталды, оған біздің Владислав Яковлев қатысып жатыр.

12.00-де Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасымен финалға шығу үшін күш сынасады.  

14.15-те боксшы Әбілхан Аманқұлдың  жекпе-жегі өтеді (1/8 финал, 75 келіге дейін).

15.51-де рингке ту ұстаушы Қамшыбек Қоңқабаев шығады (91 келіден жоғары).

14.18-де Ильфат Абдуллин садақ атудан өнер көрсетеді.

0
Кілт сөздер:
матчтар кестесі, олимпиада
Тақырып:
Токио Олимпиадасы