Қоғам

"Халқымыздың жадында сақталады": Тоқаев Нарымбетовтің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Белгілі режиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сатыбалды Нарымбетовтің дүниеден озғаны туралы хабарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері Сатыбалды Нарымбетовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды", - деп жазылған президенттің жеделхатында.

Тоқаев Сатыбалды Нарымбетовтің әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдағанын атап өтті.

"Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген хатта.

Танымал режиссер, кинодраматург Сатыбалды Нарымбетовтің дүниеден озғаны туралы бұгін хабарланды. Бұдан бір күн бұрын белгілі жазушы Смағұл Елубай өзінің Facebook-тегі парақшасында Сатыбалды Нарымбетовтің асқазанындағы ескі жарасы ашылып, ауруханаға түскенін жазған болатын.

© Photo : из личного архиваКинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері Сатыбалды Нарымбетов
Халқымыздың жадында сақталады: Тоқаев Нарымбетовтің отбасына көңіл айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері Сатыбалды Нарымбетов

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Белгілі режиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жорж Садуль атындағы сыйлығының және тәуелсіз "Тарлан" жүлдесінің иегері. 

Көптеген толықметражды көркем және деректі фильмдер түсіріп, оннан астам фильмдерге сценарий жазған, бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

Жаңалықтар
0