Вакциналау

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина екінші рет салына ма

254
Қазір күн сайын республика бойынша орташа есеппен 80 мыңнан 100 мың адамға дейін вакцина салғызады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанда әзірге коронавирусқа қарсы ревакцинация жүргізу жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Министрлік вакцина әзірлеушілерден ревакцинация туралы ешқандай ресми ақпарат алған жоқ. Бұл ұсынымдарды бізге жіберсе, біз міндетті түрде қарап, талқылап, арнайы тәуелсіз комиссияда қарастырамыз. Ал қазіргі таңда бізде ревакцинация жөнінде ешқандай мәлімет жоқ", - деді Шоранов онлайн брифингте.

Ол әлем ғалымдары жарты жыл бойы осы мәселемен айналысып жүргенін атап өтті.

Айтуынша, соңғы апталарда елде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Күн сайын республикада орташа есеппен 80 мыңнан 100 мың адамға дейін вакцина салғызады.

Мәселен, 7 шілде күні 113 мың қазақстандыққа бірінші компонент егілсе, екінші компонент 48 мың адамға салынды.

254
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (320)
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

136
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

136
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

75
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

75
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (320)