Бала , архивтегі сурет

Бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

2285
Бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлем мерзімін ұзартуды талап еткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде осы мәселе Әлеуметтік кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы аясында қаралып жатыр.

"Бұл мәселе бойынша түрлі тәсілдер пысықталуда. Оларды қарау қорытындысы бойынша бюджет комиссиясы қолдау көрсетсе, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жақсартылған норманы қарастыратын боламыз", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлемнің мерзімін ұзартуды талап еткен. Мәселен, Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр.

2285
Кілт сөздер:
жәрдемақы, бала
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (66)
Тақырып бойынша
Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты
Әлеуметтік жәрдемақы алуға қатысты жағымды жаңалық жарияланды
"7 миллион теңге": қызылордалық көпбалалы ана ешкім күтпеген хабарландыру жасады
Қазақстанда ана капиталы енгізіле ме – еңбек министрлігі жауап берді
Он алты балаға – 186 мың теңге: қанша көпбалалы ана мемлекеттен жәрдемақы алды
Архивтегі фото

Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

15
Балаларды қыркүйектен бастап оффлайн оқыту мәселесі пысықталып жатыр, деді Айжан Есмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектептерде Ashyq қосымшасы енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Балаларды қыркүйектен бастап оффлайн оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде мектептерде оқитын балалар саны үш миллионнан асады. Біз оқушылардың мектепте вирус жұқтыруы немесе вирус әкелуі мүмкін екенін түсінеміз. Сол себепті мектептерді, балабақшаларды, жоғары оқу орындарын Ashyq жобасына міндетті түрде қосу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Есмағамбетова баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар қоғамдық орындарға көп жағдайда ата-анасымен бірге барады. Сол себепті кіреберісте ата-ананың статусы қауіпсіз екені расталса, балалар солармен бірге өте алады.

Ал ересектерсіз қыдыратын 12 жастан асқан балалар үшін ерікті тестілеу қарастырылған.

15
Ashyq в аэропорту Алматы

Екінші тамыздан бастап қандай нысандар Ashyq-сыз жұмыс істейді

24
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты 2 тамыздан бастап қосымша шектеу шаралары күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. 2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қосылмаған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай нысандар Ashyq қосымшасына қосылмай-ақ жұмысын жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ashyq-сыз жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс жұмыстарын жүргізу;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі;
  • көлік жуу; автокөлік, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ киім жөндеу; тігін ательесі, кір жуатын орын; химиялық тазарту; кілт жасау, гүл сататын дүкендер, фотосалондар:
  • туристік компаниялардың қызметі, бизнес орталықтардағы жекелеген қызмет түрлері: сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, есепші мен консанлтинг қызметі, жылдымайтын мүлік агенттігі, сот орындаушылар, айырбастау пунктері, ломбардтар және тағы басқа.

Қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету форматында істейді.

Цой Ashyq жобасына қосылмаған барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі уақытша тоқтатылатынын атап өтті. Бұл талап орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ, азық-түлік дүкендеріне, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

Бұған қоса бұқаралық, спорттық, отбасылық, еске алу және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынған.

Мемлекеттік органдарда, кеңселерде, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдарда қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмыс істейді. Вакцина салдырғандар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандарға жұмысқа баруға рұқсат етіледі.

24