Балалар, архивтегі сурет

Төрт баласы бар әйел "көпбалалы ана" емес министрлік

7109
(Жаңартылды 16:18 09.07.2021)
Департамент басшысы көпбалалы отбасы және көпбалалы ананың жәрдемақысы екі бөлек төлем екенін ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң бойынша көпбалалы ананың кім екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың айтуынша, бүгінде халық арасында төрт баласы бар әйелдерді де "көпбалалы ана" деп айтып жүр. Бірақ заң бойынша оған тек "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегерлері ғана жатады.

"Бізде "Отбасы және неке туралы" кодекс бар. Оның 1-бабының 17-тармақшасына сәйкес, "көпбалалы отбасы" – бұл төрт және одан да көп баласы бар отбасылар. Ал "көпбалалы ана" дегеніміз, ол 6-7 және одан да көп баласы бар ардақты аналарымыз. Олардың барлығы - "Күміс алқа" немесе "Алтын алқа" иегерлері", - деді Ниязов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда департамент басшысы көпбалалы отбасы және көпбалалы ананың жәрдемақысы екі бөлек екенін ерекше атап өтті.

"Қазақстанда көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы сараланған мөлшерде төленеді. Төртінші баладан бастап, 46 760 теңге көлемінде, бесінші балаға – 58 457 теңге. Әр бала қосылған сайын санына қарай 18 жасқа дейін сараланып төленеді. Қазіргі кезде әрбір балаға берілетін жәрдемақының орташа мөлшері 11 668 теңге. Ал көпбалалы анаға төленетін жәрдемақының мөлшері 18 669 теңгенің көлемінде. Ол өмір бойына ай сайын төленіп тұрады", - деп атап көрсетті Ниязов.

Екі жәрдемақы да отбасының табысына қарамастан төлене береді.

Бұдан бөлек, көпбалалы аналар тұрғын үймен бірінше кезекте қамтамасыз етіледі. Осы жеңілдік өткен жылы заңды түрде бекітілген болатын. Көпбалалы аналарға салық жағынан, сондай-ақ, қоғамдық көлікпен жүру жағынан да жеңілдік жасалып отыр. Коммуналдық қызметтердің бір бөлігін ғана төлеуге болады.

7109
Кілт сөздер:
ана, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда ана капиталы енгізіле ме – еңбек министрлігі жауап берді
Бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімі ұзартылуы мүмкін
"7 миллион теңге": қызылордалық көпбалалы ана ешкім күтпеген хабарландыру жасады
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем уәде еткен алаяқтар ұсталды
Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түсті алып тастау мүмкіндігі қарастырылады - денсаулық министрлігі

56
(Жаңартылды 18:59 28.07.2021)
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

56
Архивтегі фото

Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны 6 мыңнан асты

4
Айжан Есмағамбетова вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 проценті ғана болатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6 мыңнан асты. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде вакциналаудан кейін ауырып қалғандардың жалпы саны 6 420 адамды құрайды. Олардың ішінде Спутник V-ді 5 511 адам, Hayat Vax-ты 665 адам, QazVac-ты 113 адам және CoronaVac-ты 124 адам салдырған", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысы вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 процентін ғана құрайтынын ерекше атап өтті. Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 5,2 миллион адамға жетті.

"Демек вакцинадан кейін ауырып қалғандардың саны тым аз. Бұл дегеніміз, екпенің тиімділігі бар. Дельта-штаммнан да қорғайды", - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, 23 шілде күні өткен брифингте комитет басшысы вакциналаудан кейін барлығы 4 765 адам ауырып қалғаны жайында айтқан. Олардың көбісі екпенің екінші дозасын алып үлгермеген.

4
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина