Архивтегі фото

Тоқаев әкімнен Маңғыстаудағы наразылықтар жайында сұрады

188
(Жаңартылды 14:54 10.07.2021)
Облыс басшысы мұнай саласындағы қиындыққа пандемия себеп болды деп отыр. Былтыр шикізаттың бағасы күрт төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысындағы мұнай-сервис компаниясы жұмысшыларының мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтан осы өңірдегі маңызды мәселелер жайында сұрады. Соның бірі – жұмысшылардың жалақысы.  

"Тағы бір мәселе бар. Облыстың мұнай және мұнай сервисі кәсіпорындарындағы ахуал әлі де күрделі. Мұның себебі неде? Әкімдік тарапынан қандай шаралар қабылданып жатыр?", - деп сұрады Тоқаев.

Облыс басшысы мұнай саласындағы қиындыққа пандемия себеп болды деп отыр. Былтыр шикізаттың бағасы күрт төмендеген. Артынан мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысы азайған. 

"Содан мәселе туындады. Қазір біз "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, осы мәселені шешу үшін кешенді жоспарымызды дайындап жатырмыз. Ондағы мақсат – сервистік компаниялар мен мұнайшылардың еңбекақысын теңестіру. Себебі олар бір жұмысты атқарады. Бірақ жекеменшік сервистік компаниялардың тарифі төмен. Ал "ҚазМұнайГазға" қарасты мекемелердің тарифі одан жоғары. Сондықтан олардың жалақысын бір жобаға келтіріп, осы мәселені үкіметтің алдында көтереміз. Негізгі мәселе, сол – еңбекақы", -  деп түсіндірді Тұрымов. 

Ал президент Маңғыстау облысында шешімін таппаған мәселелердің аз емес екенін ерекше атап өтті.

"Жалпы, бұл аймақта шешімін таппаған мәселелер аз емес. Бұл - белгілі нәрсе. Дегенмен Маңғыстау облысының әлеуеті зор. Көлік логистикасы, туризм, арнайы экономикалық аймақ бар. Жуық арада үкіметпен, "ҚазМұнайГаз" компаниясымен және басқа органдармен бірлесіп, Маңғыстау облысын дамыту жайы мен өңірдегі түйткілді мәселелер жөнінде арнайы кеңес өткіземіз", - дейді Тоқаев.

Айта кетейік, ақпан айында Жаңаөзен мұнайшылары көшеге шыққан болатын. Атап айтқанда, "МұнайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді және жұмыс тәртібін реттеуді талап еткен. Ал шілденің басында қалада жұмыс істейтін "КЕЗБИ" мұнай-сервистік компаниясының 600 жұмысшысы көтерілді. Олар да жалақыны көтеруді және жұмыс тәртібін реттеуді талап етті.

188
мектеп формасы

Кәсіпкерлер министр Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

8
(Жаңартылды 10:55 04.08.2021)
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім министрлігі жаңа оқу жылында балаларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат бермек

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды. Оқушылар классикалық үлгідегі киіммен мектепке бара алады. Алайда кәсіпкерлер министрдің осы бір шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күні кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балаларға тағы классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Негізгі себеп – елдегі эпидемиологиялық жағдай. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде дүкендер белгілі бір уақытта, ал кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезектер болып, Covid-19 жұқтыру қаупі күшейеді. Оған қоса, уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасы кейбір отбасылардың қалтасына салмақ салуы мүмкін. Пандемиядан кейін оқушылар қайтадан мектеп формасын киюге міндетті болады.

Алайда мектеп формасын шығаратын кәсіпкерлер министрдің шешімімен келіспей отыр. Себебі олар жарты жыл бұрын дайындық жұмыстарына кіріскен. Ал министр мырза формаға қатысты жаңалықты енді ғана жариялады. Кәсіпкерлер болса, қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған.

"Былтыр ол жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігін жойып жіберді. Биыл қалғанын құртуға шешім қабылдапты. Келесі жылы не болатынын ешкім білмейді. Біз 20-шы жылдан әрең дегенде шықтық. Ал келесі жылы ол формамен не істейміз? Бұның барлығы – миллиондаған шығын. Биыл біз және басқа әріптестеріміз қалдықтарды сатса, келесі жылы жаңа маталарды сатып алу қажет. Бірақ қандай мата аламыз? Кімге? Не үшін? Министр тағы бес минут қалғанда ештеңе керек емес деп айтып жүрмей ме?", - дейді кәсіпкер Сергей Сокирко.

Ал ата-аналар арасында министрліктің шешіміне қатысты екіұдай пікір бар. Біреулер қолдаса, енді біреулер жаңа форманы таңдап жүр.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

 

8
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, жеке кәсіпкерлер
Ұялы телефон

Телефон қасыңызда тұрғанда не жайлы сөйлесуге болмайды

653
(Жаңартылды 10:20 04.08.2021)
Адамның сөзін тыңдауға арналған қосымшалар мен бағдарламалар ақпаратты әлеуметтік желілерге ғана емес, алаяқтарға да берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Қазіргі уақытта ресми түрде жарияланбаса да, заманауи телефондар адамдарды тыңдайтынын бәрі түсінді. Әзірге айтарлықтай қауіпті емес. Алайда ақпаратты жарнама ұсынушылар ғана емес, қылмыскер, алаяқтар да қолдануы мүмкін.

"Сондықтан кейбір тақырыптарды телефон қасыңызда болғанда талқыламаған дұрыс. Жеке ақпаратты айтпау керек", - деді "Прайм" агенттігіне B&C коммуникативтік агенттігінің басқарушысы Марк Шерман.

Оның айтуынша, телефонды тәулік бойы тыңдайды деген ақпарат дәлелденбеген. Маман кибер қылмыскерлерге алданып қалмау үшін ақшаға қатысты,жеке мәліметтер туралы мағлұматты айтпау керек деп отыр. Олар банк есепшотындағы қаражатты алып қоюы мүмкін.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік тыңшылық жасалады деген де болжам бар. Сондықтан клиент пен орындаушы маңызды жайттарды телефонмен емес, жеке кездесу кезінде талқылауы тиіс. Бәсекелестер әңгімені тыңдауы мүмкін.

653
Тақырып бойынша
"Біз не болғанын түсінбедік": Блогердің ұлы телефонның кесірінен көз жұмды
Ақорда "Тоқаевты телефон арқылы аңдып жүр" деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді
Тыңшылық дауы: тізімнен тағы үш танымал қазақстандық табылды
Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды
Телефон қоңырауына жауап берген Сарыағаш тұрғыны 500 мың теңгеден айырылды