Дәрігерлер, көрнекі фото

Коронавирусқа қатысты жаңа мәлімет: Нұр-Сұлтанда ауырғандар саны күрт өсті

132
(Жаңартылды 09:12 11.07.2021)
Вирус жұқтырған науқастар саны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 3 695 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 914,
  • Алматы қаласында - 620,
  • Шымкент қаласында – 312,
  • Ақмола облысында – 131,
  • Ақтөбе облысында - 102,
  • Алматы облысында - 114,
  • Атырау облысында - 256,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 71,
  • Жамбыл облысында - 51,
  • Батыс Қазақстан облысында - 205,
  • Қарағанды облысында - 449,
  • Қостанай облысында - 81,
  • Қызылорда облысында - 54,
  • Маңғыстау облысында - 116,
  • Павлодар облысында - 137,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 28,
  • Түркістан облысында - 54.

Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 454 825 қазақстандық жұқтырды.

Оқи отырыңыз: Шілденің аптап ыстығында вакцина салдыруға бола ма – дәрігер жауабы

Қазақстанда вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Бүгінде азаматтар отандық QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары арасында таңдау жасай алады.

132
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2556)
Тақырып бойынша
Ыстық ауа райында коронавирус ауыр өтеді - дәрігер
"Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды
Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратуға болады - дәрігер жауабы
Вирустың таралуы вакцинациядан қарқынды жүріп жатыр - ДДҰ
Пробирка с тестом на коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты

24
Нұр-Сұлтанда 1 518, Алматыда 1511, Қарағанды ​​облысында 964 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 7 778 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1518
  • Алматы қаласы - 1511
  • Шымкент қаласы - 477
  • Ақмола облысы - 253
  • Ақтөбе облысы - 332
  • Алматы облысы - 300
  • Атырау облысы - 417
  • Шығыс Қазақстан облысы – 216
  • Жамбыл облысы - 247
  • Батыс Қазақстан облысы - 159
  • Қарағанды облысы - 964
  • Қостанай облысы - 245
  • Қызылорда облысы - 257
  • Маңғыстау облысы - 236
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 155
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 572 576.

24
Кілт сөздер:
статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2556)
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі: жаңа қаулы жарияланды

1217
(Жаңартылды 09:26 31.07.2021)
Ұйым қызметкерлері COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін 10 тамызға дейін, ал екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін салдыруы керек

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-і қашықтықтан жұмыс түріне көшіріледі. Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Сондай-ақ ұйымдар үшін профилактикалық егу жұмыстарының датасы анықталды. COVID-19 вакцинасының бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, ал екінші компоненті 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін егілуі керек (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді 

Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін (оның ішінде гипермаркеттерді, супермаркеттерді, шағын маркеттерді және т. б.), дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ құрылыс объектілерін, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, халыққа байланыссыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілерді және қызмет көрсету саласындағы объектілерді (автожуу, автомобильдер мен тұрмыстық техниканы жөндеу, телефон, баспахана, полиграфия,фотосалондар, тігін шеберханалары және ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі, химиялық тазалау, кір жуу, гүл дүкендері, салттық қызмет көрсету объектілері және т. б.), туристік компаниялар, бизнес орталықтар және жекелеген қызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.), "Ashyq"жобасының ерікті қатысушылары мен тағамды тек қана алып шығу және жеткізу үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі тоқтатылады.

Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Ashyq жобасына қатысатын сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері тек жұмыс күндері сағат 7.00 -ден 20.00 -ге дейін жұмыс істей алады.

Қаулы 2 тамыз сағат 00:00 -ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз. 

1217
Кілт сөздер:
карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин

Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті

0
Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонында жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесі сынақтан өткізілді. Зымыран жоғары жылдамдықтағы баллистикалық нысанаға ұшырылып, ол жойылды

Елдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, жүргізілген сынақтар арқылы жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесінің беріктігі расталды.

Сонымен қатар ведомство С-500 зенитті зымыран жүйесінің әлемде теңдесі жоқ екенін және биіктік пен жылдамдықтың барлық ауқымында әуе-ғарыш шабуылының кез келген нысанына соққы беруге қабілетті екенін атап өтті.

0