Ауыл шаруашылығы, көрнекі фото

Батыс аймақтарға шөп жіберген жігіт: "Мал қырылып жатқанда, тыныш жата алмадым"

338
Жас жігіт бір қазақ қиналып жатқанда әр қазақ қамқор болу керек дегенді айтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Халыққа үндеу жасап, шөп жинаған түркістандық Құрмет Талапқазы бүгін халық құрметіне бөленді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Жас жігіт бір қазақ қиналып жатқанда әр қазақ қамқор болу керек дегенді айтады. Бүгінде оған қол ұшын созып, еліміздің әр аймағынан қолдау білдіріп жатқан жандар аз емес. Бірі қаржылай демесе, енді бірі Құрметпен бірге шөп оруға кіріскен. Талдықорғандық Мұратбек Солтанбайдың Сарыағашқа келіп, шөп жинап жатқанына 3 күн болыпты. Өзі де ауруханадан бір апта бұрын ғана шыққан ол Құрметтің жанайқайын әлеуметтік  желіден көргенін айтады. Содан ата-анасының рұқсатын алып, көмекке келген. Ол әрі әлеуметтік желі арқылы халықты Оңтүстіктегі асарға шақыруды да ұмытпапты.

"Әлеуметтік желіден көрдім. Құрметтің Батысқа көмек берейік деп жалғыз өзі шырылдап, шөп шауып жүрген видеоларын көріп, отыра алмадым. Ауруханадан жақында шыққанмын өзім де. Осында келе салып, оруға кірістік, орылғанын жинасуға көмектестім. Ағайындар, қарап отырмайық, көмек берейік. Бұл – бір ғана Құрметтің ісі емес, бүкіл халықтың ісі", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Мұратбек Солтанбай.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар аптап ыстыққа байланысты дабыл қағып жатыр

"Маңғыстауда малдың қырылып жатқанын көргенбіз. Бірақ ішімізден қынжылып жүрдік, әттеген-ай деп. Қалалы жерде тұрған соң ештеңе ойлай алмай жүрдік. Мына жігіт жанайқайымен қазақ үшін деп жатыр. Енді бір қазақ қиналып жатқанда, мың қазақ жабылсақ деген ниетіміз бар. Бүкіл қазақ осындай бір ниет, бір тілекте болсын. Мына Сауқұмбек деген досымыз екеуіміз Алматы қаласынан келдік", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ақыл Бибазар.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бүгінде Құрметтің үндеуіне үн қосып, оның қасына еліміздің түкпір-түкпірінен ерікті жастар келіп қосылуда. Асаршылардың арасында зейнеткерлер де бар. Олар еліміздің батыс аймағындағы қуаңшылыққа байланысты аталған өңірдегі төрт түлікке шөп жіберу мақсатында қазір Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Шымкент-Жетісай жолының бойында техника бара алмайтын жерлерде қамыс-құрақ орып жатыр. Қамысты ору үшін бұл жердің өзін егелерінен сұрап алған. 

"Бұл жердің бәрі жекеменшік қой. Қамыс болған сол көп аам оны ора алмайды. Бізге де сол сұраған соң берді. Он гектар, анда алты гектар жер бар. Барлығының иегесі бар. Сұрап, сұрап алдық. Рахмет халыққа беріп жатыр тегін", - деп атап өтті Леңгір қаласының тұрғыны Нұрлыбай Татаев.

Жалпы еріктілер еліміздің әр өңірінде шөп жинап жатыр. Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Шардара, Жетісай тағы басқа аудандарды аралап, шөп дайындауға білек сыбана кіріскен. Бүгінге дейін Құрметтің бастамасымен Түркістан облысының өзінде 100 мың түк шөп жиналған. Оны темір жол арқылы жеткізу үшін 6 вагонды жалға алып, жолға шығуға дайындалуда. Бірақ қазір жиын-терім науқаны болғандықтан шабылған шөпті таситын техника тапшы дейді еріктілер. Алайда қолы ашық жомарт жандар қаржылай қолдау білдірсе, кейбір кәсіпкерлер шөп сатып әперген.

"Түктелгені бар, түктелмегені бар, соның бәрін қосқанда 1-2 апта көлемінде 300 мың түк шөп дайын болады деген үмітім бар. Өйткені аға-бауырлар, ағайындар бар ғой, елдік қасиетін көрсетіп жатыр. Рахмет, мен оны міндет етпеймін. Қазақтың жігіті істеуге тиіс тірлік қой бұл. Әрбір Қазақстандағы азаматтар бар, азаматшалар бар, бәрінің міндеті ғой", - деді ерікті Құрмет Талапқазы.

Құрмет бастап, оны қоштап, еліміздің әр аймағынан келген ерікті жастар бір аптадан бері мына ну қамысты орып, жинап жатыр. Өздеріңіз білесіздер, соңғы күндері оңтүстікте ауа температурасы +45 градустан түспей тұр. Бірақ бұл аптап ыстық алдына үлкен міндет қойған жігіттердің меселін қайтара алмасы анық. Сондықтан олар қандай құрметке болса да лайық.

338
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, мал, ауыл шаруашылығы
LinkedIn

Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

9
Шектеу әлеуметтік желіде жалған аккаунттардың көбеюімен және республика аумағында тыйым салынған интернет-казиноны жарнамалаумен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды.

Желі қолданушылары 26 шілде кешке сайтқа кіре алмай жатқанын айтып шағымдана бастады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn желісіне қолжетімділік ресурс тарапынан болған заңбұзушылықтарға байланысты шектелгенін түсіндірді.

"Мониторинг барысында LinkedIn интернет-ресурсында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Интернет-казино жарнамаланып, нақты адамдардың атынан фейк аккаунттар ашылған. Айта кетсек, мұндай материалдарды орналастыру Қазақстанның заңнамасына ғана емес, LinkedIn ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді", - деп мәлімдеді министрліктегілер.

Ведомство ақпаратынша, LinkedIn-нің пайдаланушы келісімінде қатысушылар жариялайтын ақпарат шынайы және заңды болуға, үшінші тарапқа тиесілі құқықтарды бұзбауға тиіс екені көрсетілген.

Бұған қоса, интернет-ресурстың жарнама орналастыру ережелерінде қолданушының жалған ақпарат ұсынуына немесе жаңылыстыруға, сондай-ақ құмар ойындар жарнамасына тыйым салынған.

Тағы оқыңыз: Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес

"Осыған байланысты министрлік "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабы 3-1-тармағына сәйкес LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне анықталған заңбұзушылықтарды жою және тиісті материалдарды өшіру бойынша шаралар қабылдау талабымен хабарлама жолдады. Алайда, өкінішке қарай, LinkedIn әкімшілігі тарапынан заңбұзушылықтарды жоюға қатысты шара қабылданған жоқ", -деп түсіндірді ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Заңбұзушылықтар жойылған жағдайда Қазақстан аумағында LinkedIn желісі қайта ашылады.

Айта кетсек, 2018 жылдың қазанында ақпарат министрлігі азаматтарға LinkedIn әлеуметтік желісі арқылы ақпарат жіберумен байланысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін ескертті.

Бүгінде LinkedIn желісіне 500 миллионнан астам қолданушы тіркелген, сайт 24 тілде жұмыс істейді. 2016 жылдың маусымында Microsoft компаниясы сайтты 26,2 миллиард долларға сатып алды. 2016 жылдың тамызынан бастап LinkedIn ресейлік қолданушылардың жеке деректерін сақтау ережелерін бұзғаны үшін Ресей аумағында бұғатталды.

9
Кілт сөздер:
бұғаттау, әлеуметтік желілер
Тақырып бойынша
Қазақстанда Ресейдің кітап сататын интернет-дүкені бұғатталды
YouTube ресейлік БАҚ-ты неге бұғаттады
Қостанайлықтың телефонын жиі қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев екі министрлікті қайта құрды

1618
(Жаңартылды 13:14 27.07.2021)
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің бірқатар өкілеттігі еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріне беріліп, олар қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.

Бұл ретте заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстаннан кетуге және Қазақстанға келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер сол күйі ішкі істер министрлігінде қалады.

Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері денсаулық сақтау министрлігіне өтті.

Атап айтқанда:

  • 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;
  • 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Президент үкіметке қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Түрмелердегі кей қызмет денсаулық сақтау министрлігіне беріледі

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілетінін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс зерттеудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мекеменің әкімшілігіне тәуелді болмайды. Бұл заңсыз әрекеттерді жасыруға жол бермейді.

1618
Кілт сөздер:
министрлік, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев облыстардың бірінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізді
Тоқаев Көкшетауға жұмыс сапарымен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев KazRost Engineering Ltd. компаниясына барды

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады Тоқаев

5
(Жаңартылды 14:44 27.07.2021)
Қазақстан өзін ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

5
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев