Аурухана, көрнекі фото

Маңғыстау облысында емшіге барып қолынан айырылған баланың ата-анасы жазаланды

1345
Комиссия Маңғыстау облысында емшінің емінен кейін қолынан айырылған баланың ісін қарады

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Емшіге барғаннан кейін кейін қолы кесілген баланың ата-анасына айыппұл салынады.

Өңірлік "Ақтау-Лада" басылымының ақпараты боынша, бұл іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралған.

"Ауыл әкімдігі, ақсақалдар, мектеп әкімшілігі және көршілері отбасыға оң мінездеме бергені ескерілді. Бұл жанұяның балалары үлгілі екені анықталды: барлығы спортпен шұғылданады", - деп хабарлады аудандық білім басқармасы.

Комиссия бірауыздан қылмыстық кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Баланың ата-анасына 10 айлық есептік көрсеткіштен 15-ке дейін айыппұл салынды (29 170 және 40 785 теңге). 

Оқи отырыңыз: Қаршадай қызын далаға қуған астаналық әйел не үшін ондай әрекетке барғанын түсіндірді

Естеріңізге салсақ, Маңғыстау облысында бала велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Содан кейін баланы жергілікті "емшіге" апарған. Ол баланың қолын тексеріп, таңып үйіне жіберген.

Он күннен кейін баланың оң қолы жансызданып, баланың ата-анасы дәрігерлерге жүгінді.

"Балалар хирургы Құрман Қайранов баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Егер ол уақтылы араласпаса, гангрена бір апта ішінде бүкіл денеге жайылып, бала аман қалмас еді", - дейді Сәрсенбаев.

1345
Кілт сөздер:
емшілер, Маңғыстау облысы
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

30
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

30
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түсті алып тастау мүмкіндігі қарастырылады - денсаулық министрлігі

1133
(Жаңартылды 18:59 28.07.2021)
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

1133
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

0
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

0
Кілт сөздер:
Василий Левит