Ақорда

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына тапсырма берді

2923
Президент сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Сонымен қатар президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Тоқаев Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.

2923
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сенатта Жоғарғы сот судьялары ант берді
Жаңа лауазым: мәжіліс депутаты Жоғарғы сот судьясы болды
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ғалымдармен кездесті

Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды

20
Мұғалжар ауданы аумағындағы Жағабұлақ қорымын зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының аумағынан сармат дәуірінің қорымы табылды. Онда тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған семсер сақталған.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тарих ғылымдарының докторы, Шығыс елдері сәулеті халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Әжіғалимен, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры міндетін атқарушы Талғат Мамыровпен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ғалымдар облыс әкіміне Мұғалжар ауданы аумағында Жағабұлақ қорымынан бір ай бұрын табылған бірегей олжа – тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған көрнекті семсерді көрсетті.

Каменный жертвенный, найденный на территории могильника в Актюбинской области
© Photo : ПС акимата Актюбинской области
Ақтөбе облысының аумағындағы қорымнан табылған тастан жасалған, құрбан шалынатын орын

Қорымның өзі ерте темір дәуіріне, яғни б.д.д. VI-V ғасырларға жататын ірі кешен екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мұнда қола айналар, алтын тоға және тағы басқа ежелгі заттар табылды. Археологиялық ескерткішті зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Сонымен бірге, Қарғалы ауданында қола дәуірінің қоныс-мекендері табылды. Сол аумақтан метал пеш табылған. Бұл қазіргі Ақтөбе облысының аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың метал өндірісімен айналысқанын дәлелдейді.

Меч, найденный в могильнике Жагабулак в Актюбинской области
© Photo : ПС акимата Актюбинской области
Жағабұлақ қорымынан табылған семсер

Бұдан бөлек, жуырда өңірде Едіге батыр мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын іздеу жұмыстары басталады. Құрамына архитекторлар, этнографтар, археологтар мен арабистер кірген этнографиялық экспедицияны атақты ғалым, профессор Серік Әжіғали басқарды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және дәріптеуге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

20
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, археология
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

71
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

71
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Студенттер, архивтегі сурет

Ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды

0
(Жаңартылды 13:26 04.08.2021)
ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркелу керек. Тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, өтінім қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіледі.

"Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға биыл және былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады", - делінген ақпаратта.

Оқуға түсу үшін шектік балл ретінде әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.

0
Кілт сөздер:
ҰБТ
Тақырып бойынша
"Құпия емес": сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
"Жоғары көрсеткішке жетуге тырыстым": павлодарлық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады
Биылғы ҰБТ-да бір түлек қана ең жоғары ұпай жинады
ҰБТ-дан шекті балл жинай алмағандар жоғары оқу орнына қалай түсе алады
Жоғары балл жинаған 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды