Студенттер, көрнекі фото

Шетелдегі қандастар "Отандастар" грантымен оқуға түсе алады

50
(Жаңартылды 15:44 12.07.2021)
Өткен жылдан бастап қандастар үшін Назарбаев университетінде Абай атындағы грант белгіленген

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. "Отандастар" қоры жоғары оқу орындарымен бірлесіп, шетелдегі этникалық қазақтарға "Отандастар" грантын беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір "Отандастар" қоры тарапынан еліміздің жоғары оқу орындарымен бірлесіп, "Отандастар" грантын әзірлеудеміз. Бүгінгі таңда Қайнар университеті, Қорқыт ата университетімен гранттар мәселесі пысықталып жатыр", - деді Сарбасов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол өткен жылдан бастап "Отандастар" қорының ұсынуымен қандастар үшін Назарбаев университетінде Абай атындағы грант белгіленгенін атап өтті. Былтыр АҚШ, Канада, Қытай, Өзбекстан мен Моңғолиядан 56 үміткер қатысып, соның 13-і Назарбаев университетіне грант ұтып алған.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-2021: Жаңа жүйе көшіруге мүмкіндік бермейді

"Бұл өте үлкен жетістік. Қазір қандас бауырларымыз университет қабырғасында білім алып жатыр", - деді вице-президент.

Айтуынша, бүгінде шетелдегі қандас талапкерлерге 4 процентке дейін мемлекеттік грант бөлінеді.

Соңғы үш жылда дайындық бөлімдеріне 3,5 мың грант бөлініп, 90 пайызы игерілген.

Мемлекеттік квота аясында соңғы бес жылда 3645 этникалық қазақ ҰБТ-дан шекті балл жинап, жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Барлық қандас міндетті түрде жатақханамен қамтамасыз етіледі.

50
Кілт сөздер:
қандастар, грант, білім гранттары
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

81
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

81
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды
мектеп формасы

Кәсіпкерлер министр Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

41
(Жаңартылды 10:55 04.08.2021)
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім министрлігі жаңа оқу жылында балаларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат бермек

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды. Оқушылар классикалық үлгідегі киіммен мектепке бара алады. Алайда кәсіпкерлер министрдің осы бір шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күні кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балаларға тағы классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Негізгі себеп – елдегі эпидемиологиялық жағдай. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде дүкендер белгілі бір уақытта, ал кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезектер болып, Covid-19 жұқтыру қаупі күшейеді. Оған қоса, уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасы кейбір отбасылардың қалтасына салмақ салуы мүмкін. Пандемиядан кейін оқушылар қайтадан мектеп формасын киюге міндетті болады.

Алайда мектеп формасын шығаратын кәсіпкерлер министрдің шешімімен келіспей отыр. Себебі олар жарты жыл бұрын дайындық жұмыстарына кіріскен. Ал министр мырза формаға қатысты жаңалықты енді ғана жариялады. Кәсіпкерлер болса, қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған.

"Былтыр ол жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігін жойып жіберді. Биыл қалғанын құртуға шешім қабылдапты. Келесі жылы не болатынын ешкім білмейді. Біз 20-шы жылдан әрең дегенде шықтық. Ал келесі жылы ол формамен не істейміз? Бұның барлығы – миллиондаған шығын. Биыл біз және басқа әріптестеріміз қалдықтарды сатса, келесі жылы жаңа маталарды сатып алу қажет. Бірақ қандай мата аламыз? Кімге? Не үшін? Министр тағы бес минут қалғанда ештеңе керек емес деп айтып жүрмей ме?", - дейді кәсіпкер Сергей Сокирко.

Ал ата-аналар арасында министрліктің шешіміне қатысты екіұдай пікір бар. Біреулер қолдаса, енді біреулер жаңа форманы таңдап жүр.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

 

41
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, жеке кәсіпкерлер
Ешкі, архивтегі сурет

Ер адам бес бірдей ешкіні мотоцикліне мінгізіп алды желіде тараған видео

0
(Жаңартылды 11:54 04.08.2021)
Облыс тұрғыны төрт түлікті тасымалдаудың тың әдісін ойлап тапты. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алды 

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бес бірдей ешкіні мотоциклге байлап тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Yk-News сайтына сілтеме жасап.  

Куәгерлер мотоциклінің екі жағына төрт ешкі байлаған ер адамды видеоға түсіріп алды.Ол тағы бір үй жануарын беліне орап алыпты. Сөйтіп төрт түлікті көшемен тасымалдаған. Мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейді. Видеода бір ешкінің тұмсығы жерге тиіп келеді.

Қазнетте осы видеоны қызу талқыға салды. Көбісі мотоцикл жүргізушісі. жануарларға қатыгездік танытқаны үшін сынға алды. Енді, біреулер бұл әрекетке түсінікпен қарау керек деп отыр. Себебі малды тасымалдауға да аз ақша кетпейді. "Ер адам уақытты үнемдеп, бәрін бір рейспен апарып тастауды жөн көрген ғой", - дейді тағы бір қолданушы. Адамдар видеоның Мақаншыда түсірілгенін жазып жатыр. 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес,  мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оған бірнеше бап бойынша айыппұл салынды. 

"2 тамыз күні Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше әкімшілік хаттама рәсімделді. Соның ішінде көлік құралын куәліксіз және мемлекеттік тіркеу нөмірсіз жүргізу, сондай-ақ, мотошлемді қолдану ережелерін сақтамау сияқты тәртіп бұзушылықтар бар", - дейді полицейлер.  

Полицияның ақпарат бойынша үй жануарлары тірі болған. Оларға қатыгездікпен қарау мәселесі қаралып жатқан жоқ.

 

0
Кілт сөздер:
ешкі, видео, мотоцикл, ШҚО
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін айтты – видео
Алматы облысында полиция көшедегі адамдарға шабуылдаған сиырды атып тастады
Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото
Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды
Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады