Вакцина, көрнекі фото

Меккеге адамдарды жалған вакцина паспортымен апарған агенттіктің әрекеті әшкере болды

101
(Жаңартылды 08:18 13.07.2021)
Құжат жүзінде клиенттерін елде жоқ Pfizer препаратымен ектірген

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Меккеге адамдарды вакцинаның жалған паспортымен апарған агенттік әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Алматыдағы "Зәмзәм" туристік компаниясы құжат жүзінде елде жоқ Pfizer препаратымен клиенттерін ектірген-міс.

Қажылыққа  баруы уақытша тоқтаған мемлекеттердің тізімінде Қазақстан болғанмен, "Зәмзәм" агенттігіне ол тосқауыл болмаған. Құлшылық етем деген 100-ден астам қазақстандықты Бішкек арқылы Сауд Арабиясына жеткізген.

"Бүгін Мәдинаға келіп отырмыз. Біздің "Зәмзәм" компаниясының директоры Данияр мырзаға рақметімізді айтамыз", - дейді қажылыққа барғандар.

"Зәмзәмға" алғысын білдірген бұл адамдар мамыр айында қажылықтан оралды. 100-ден астам қазақстандық Сауд Арабиясына Бішкектен ұшты. Эпидахуалға байланысты қажылыққа уақытша рұқсат жоғын біле тұра, "Зәмзәм" фирмасы ережені елемеген.

"Шектеу 2020 жылы қойылған. Сауд Арабиясы уақытша Қазақстанға квота беруін тоқтатты. "Зәмзәм" осы жағдайдың бәрін біле тұра, заңды айналып өтіп, өздеріне квота істеткен. Оған қоса чартер рейспен Бішкек арқылы ұшқан. Басқа туристік агенттіктер мұндай заңбұзушылыққа бармады", - дейді Алматы қаласы дін істері басқармасы ақпарат-сараптама бөлімнің жетекшісі Ербол Кәкімсейітов.

Туристік фирма қызметіне 910 мың теңге алған. Қосымша вакцина паспортына 200 доллардан сұраған. Шындығында ешқайсысы елде жоқ "Файзермен" егілмеген.

Телеарна тілшілері де клиент ретінде "Зәмзәмға" хабарласып көрген.

"Зәмзәм" туристік компаниясының директоры Данияр Ілеев шектеуден именіп тұрған жоқ. Көзбе-көз мән-жайды білу үшін тілшілер жасырын камерамен кеңсеге барады. Фирма өкілі ақша болса, кез келген уақытта ұшуға болатынын айтқан.

"Зәмзәм" фирмасы осылайша, кеңсеге келгендерге де, әлеуметтік желісінде де жұртты қажылыққа ашық шақырып жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл әрекет ел арасына бүлік салу дейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда дәрігерлер жалған вакцина паспортын жасаған: қылмыстық іс қозғалды

"Жалпы дінде оны "фитна" дейді. Халықтың арасында бүлік тудырып, Қазақстан мұсылмандарына өзі былтыр қажылық болмады.  Сондай адамның нәзік сезімдерімен ойнап, Қазақстан халқы биыл да қажылық жасай алмайды деп өкініп жатқан жағдайда олар Діни басқарманың таратқан ақпараты жалған деп, өздеріне хабарласқан адамдарды қажылықты жарнамалаумен кешегі күнге дейін айналысып келді", - дейді ҚМДБ қажылық бөлім меңгерушісі Жанділдә Бекжігітов.

Іле-шала Алматы қаласының полиция департаменті "Зәмзәм" фирмасының кеңсесінде тінту жасады. Кабинеттегі құжаттың бәрі тәркіленіп тексеріс басталып кетті. Вакцинаның жалған сертификатын жасау дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 385-бабы, 1-тармағы бойынша іс қозғалды.

"Олар "Файзер" деген препаратты қолдану арқылы вакцина паспорттарын жасап, сол азаматтардың қолдарына берген болатын. Қазіргі таңда сол қажылыққа барған қазақстандықтардың барлығы анықталды. Олар еліміздің түрлі өңірлерінде тұрады екен. Олардан сұрақ-жауап алу процедурасы қылмыстық іс жүргізу аясында жүргізілуде", - деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Егер де осы істегі күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, онда ұйымдастырушылар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

101
Кілт сөздер:
жалған құжат, вакцина, Мекке
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (324)
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

54
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

54
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды
мектеп формасы

Кәсіпкерлер министр Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

40
(Жаңартылды 10:55 04.08.2021)
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім министрлігі жаңа оқу жылында балаларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат бермек

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды. Оқушылар классикалық үлгідегі киіммен мектепке бара алады. Алайда кәсіпкерлер министрдің осы бір шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күні кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балаларға тағы классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Негізгі себеп – елдегі эпидемиологиялық жағдай. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде дүкендер белгілі бір уақытта, ал кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезектер болып, Covid-19 жұқтыру қаупі күшейеді. Оған қоса, уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасы кейбір отбасылардың қалтасына салмақ салуы мүмкін. Пандемиядан кейін оқушылар қайтадан мектеп формасын киюге міндетті болады.

Алайда мектеп формасын шығаратын кәсіпкерлер министрдің шешімімен келіспей отыр. Себебі олар жарты жыл бұрын дайындық жұмыстарына кіріскен. Ал министр мырза формаға қатысты жаңалықты енді ғана жариялады. Кәсіпкерлер болса, қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған.

"Былтыр ол жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігін жойып жіберді. Биыл қалғанын құртуға шешім қабылдапты. Келесі жылы не болатынын ешкім білмейді. Біз 20-шы жылдан әрең дегенде шықтық. Ал келесі жылы ол формамен не істейміз? Бұның барлығы – миллиондаған шығын. Биыл біз және басқа әріптестеріміз қалдықтарды сатса, келесі жылы жаңа маталарды сатып алу қажет. Бірақ қандай мата аламыз? Кімге? Не үшін? Министр тағы бес минут қалғанда ештеңе керек емес деп айтып жүрмей ме?", - дейді кәсіпкер Сергей Сокирко.

Ал ата-аналар арасында министрліктің шешіміне қатысты екіұдай пікір бар. Біреулер қолдаса, енді біреулер жаңа форманы таңдап жүр.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

 

40
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, жеке кәсіпкерлер
Ешкі, архивтегі сурет

Ер адам бес бірдей ешкіні мотоцикліне мінгізіп алды желіде тараған видео

0
(Жаңартылды 11:53 04.08.2021)
Облыс тұрғыны төрт түлікті тасымалдаудың тың әдісін ойлап тапты. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алды 

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бес бірдей ешкіні мотоциклге байлап тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Yk-News сайтына сілтеме жасап.  

Куәгерлер мотоцикл мінген ер адамды түсірген. Ол екі жағына төрт ешкіні байлаған. Сосын тағы бір үй жануарын беліне орап алыпты. Сөйтіп, төрт түлікті көшемен тасымалдаған. Мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейді. Бір ешкінің тұмсығы жерге тиіп келеді.

Қазнетте осы видеоны қызу талқыға салды. Көбісі мотоцикл жүргізушісі. жануарларға қатыгездік танытқаны үшін сынға алды. Енді, біреулер бұл әрекетке түсінікпен қарау керек деп отыр. Себебі малды тасымалдауға да аз ақша кетпейді. "Ер адам уақытты үнемдеп, бәрін бір рейспен апарып тастауды жөн көрген ғой", - дейді тағы бір қолданушы. Адамдар видеоның Мақаншыда түсірілгенін жазып жатыр. 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес,  мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оған бірнеше бап бойынша айыппұл салынды. 

"2 тамыз күні Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше әкімшілік хаттама рәсімделді. Соның ішінде көлік құралын куәліксіз және мемлекеттік тіркеу нөмірсіз жүргізу, сондай-ақ, мотошлемді қолдану ережелерін сақтамау сияқты тәртіп бұзушылықтар бар", - дейді полицейлер.  

Полицияның ақпарат бойынша үй жануарлары тірі болған. Оларға қатыгездікпен қарау мәселесі қаралып жатқан жоқ.

 

0
Кілт сөздер:
ешкі, видео, мотоцикл, ШҚО
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін айтты – видео
Алматы облысында полиция көшедегі адамдарға шабуылдаған сиырды атып тастады
Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото
Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды
Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады