Қоғам

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті

© Photo : UnsplashInstagram может вернуть хронологический порядок появления постов
Instagram может вернуть хронологический порядок появления постов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Шаһардың криминалдық полициясының мәліметінше алаяқтар әлеуметтік желіні пайдаланады

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа тізбегі туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһардың криминалдық полициясының мәліметінше алаяқтар әлеуметтік желіні пайдаланады. Олар жазылушылар санына қарай белсенді Instagram қолданушысын таңдап алады.

Жазылушылары көп кез-келген адам "көк белгі" таңбасын алғысы келеді. Бұл мәртебе парақшаның жалған еместігін және оны Instagram әкімшілігі растайтынын білдіреді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтаннан пәтер сатып алмақ болған 300-ге жуық адам алданып қалды

Қаскөйлер "көк белгі" алғысы келетін қажетті адамын тапқаннан кейін Instagramдағы жалған қолдау қызметі парақшасынан "көк белгі" мәртебесі берілгені туралы тікелей смс-хабарлама жібереді. Ол үшін Instagram-ның құпия сөзін енгізіп сілтемеге өтсе болғаны.

Құпия сөзді енгізгеннен кейін автоматты түрде өтінім қабылданғаны және үш күн ішінде қаралатыны туралы хат келеді. Осылайша небәрі бірнеше сағаттан кейін Instagram-дағы парақшаға кіру мүмкіндігі жоғалады.

"Осыдан кейін сізге ұялы телефоныңызға немесе ватсапқа парақшаңыздың бұзылғаны туралы және 200-1000 АҚШ долларын төлеу керек деген хабарламалар келе бастайды", – деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Осы тізбекті қолдану арқылы интернеттегі алаяқтық фактісі бойынша тек соңғы бірнеше күнде алты адам Алматы полициясына шағым түсірді.

"Мұнда азаматтар қабылдауы қажет ақпараттық қауіпсіздік шаралары маңызды. Сізден әрдайым осындай хабарламаларға күмәнданып, оларға сын көзбен қарауыңызды сұраймыз. Біз сізді тағы да сақ болуға және қырағылық танытуға шақырамыз", – деді Рүстем Әбдірахманов.

Жаңалықтар
0