Қоғам

200 мыңға жуық адамды сан соқтырған Finiko-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды

© REUTERS / Benoit Tessier/IllustrationМонета биткоин. Иллюстративное фото
Монета биткоин. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Компанияның сайтына сәйкес салымшылардың саны 165 мыңнан асады. Бұл Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Түркия елдерінің тұрғындары

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы криптовалюта саудасын жамылған The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартатын The Finiko компаниясы анықталды", - делінген хабарламада.

Біз бұдан бұрын "Finiko" пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ"  платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынатыны туралы жазған болатынбыз.

Бұл жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы.

"Finiko" сонымен қатар тұтынушылық және ипотекалық несиелерді өтеуді ұсынады. Егер компания борыш сомасының 35%-ын салса, ол қатысушының кредиті бойынша бүкіл соманы төлеуге міндет алған. Осындай талаптар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұсынылады: жарна мүлік құнының кемінде 35%-ін құрайды және 3-4 ай өткеннен кейін компания оны сатып алуға және қатысушының меншігіне беруге уәде береді.

Компанияның сайтына сәйкес салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады.

Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның қызметіне талдау жүргізген. Нәтижесі бойынша қаржы пирамидасының белгілері туралы қорытынды берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы анықталды

Осыған байланысты, прокуратура қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қолға алды. Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп The Finiko компаниясының заңсыз қызметі расталды.

"2021 жылғы 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу жүргізілді. Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы, қылмыстық топты құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді прокуратурадағылар.

Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын бақылауға алды.

Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне келесі +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Жаңалықтар
0