Кәрім Мәсімов, архивтегі фото

Ресей Қазақстанға 136 миллиард теңге өтемақы төледі ҰҚК

3656
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ядролық қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша арнайы қызметтің жұмысы туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Қазақстанға тиесілі ядролық оқтұмсықтан тәркіленген уран бөлігі үшін Ресей біздің елге 130 миллиард теңгеден астам (шамамен 305 миллион доллар) өтемақы төледі. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

"Қазақстандағы құзырлы органдардың алдында ядролық қарусыздандыру бағдарламасы аясында оқтұмсықтардан ресейлік тарап тәркілеген қазақстандық уран үлесі үшін ақшалай өтемақы алу туралы өзекті мәселе тұрды. Нәтижесі – бюджетке 136,1 миллиард теңге көлемінде қаражат түсті", - деді Мәсімов.

Оның айтуынша, ортаазиялық республикалардың біріндегі арнайы қызметпен ынтымақтастық нәтижесінде Қазақстан ҰҚК ядролық материалдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті. Ол қылмыстық топ құрамында Орталық Азия елдерінің азаматтары болған, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: "Жусан" арнайы операциясы негізінде деректі фильм түсірілді - видео

Жалпы 2020 жылдың өзінде-ақ мемлекеттік экономикалық даму бағдарламаларын бақылау, сондай-ақ шетелдік инвесторлар, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен трансұлттық компаниялардың жұмысын қадағалау аясында ел бюджетіндегі 925,3 миллиард теңге (2,1 миллиард доллар) шығынның алдын алу мүмкін болды. Сондай-ақ мемлекет пайдасына 147,23 миллиард теңге (шамамен 345 миллион доллар) кіріс кірді.

Есірткі құрылымдарын жою

Кәрім Мәсімовтың айтуынша, Қазақстан "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін және ұлт денсаулығына нұқсан келтіруді көздейтін трансұлттық құрылымдардың белсенді есірткі экспансиясының нысанына" айналды.

"11 халықаралық және 23 өңірлік есірткі тасымалдау арнасының жолы кесілді. 15 ірі есірткі зертханасының көзі жойылып, трансұлттық есірткі құрылымының 26 қатысушысы ұсталды, заңсыз айналымнан ауған өндірісіне жататын бір тоннадан астам есірткі тәркіленді", - деді ҰҚК басшысы.

Қазақстан осы салада Ортаазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОӨАҮО) және АҚШ әділет министрлігінің Федералдық есірткімен күрес басқармасымен, сондай-ақ Ауғанстан және Өзбекстандағы құзырлы органдармен ынтымақтастық орнатқан.

Мемлекеттік шекара күзеті

ҰҚК төрағасының айтуынша, республиканың мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуеттердің бірі болып қала береді.

"Терроризм, заңсыз миграция мен есірткі айналымы өршіген шақта шекара ведомствосының қызметі жетілдіріліп жатыр. Шекара қызметінің облыстық департаменттерін құру арқылы шекара күзетінің аймақтық принципі іске асырылып, олардың материалдық-техникалық базасы күшейтілуде", - деді ол.

2021 жылдың 6 айында қазақстандық шекарашылар 5 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстап, 10 мың оқ-дәрі, 2 мың электрошокер, 12 мың бірлік суық қарудың шекара арқылы өтуін шектеді.

Атап өтсек, бүгін Қазақстанда Ұлттық  қауіпсіздік органдары күні аталып өтуде.

3656
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ресей, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, есірткі контрабандасы, есірткі тарату, есірткі, өтемақы
Тақырып бойынша
Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топты ұстады
Желіде Атырау облысындағы "қақтығыстың" видеосы тарады – ҰҚК түсініктеме берді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлемінің "авторитетін" ұстады
ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады – арнайы операцияның видеосы жарияланды
Ауғанстаннан жеткізіп тұрған: ҰҚК арнайы операция жүргізді
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түс алынып тасталуы мүмкін

3
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

3
Архивтегі фото

Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны 6 мыңнан асты

4
Айжан Есмағамбетова вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 проценті ғана болатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6 мыңнан асты. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде вакциналаудан кейін ауырып қалғандардың жалпы саны 6 420 адамды құрайды. Олардың ішінде Спутник V-ді 5 511 адам, Hayat Vax-ты 665 адам, QazVac-ты 113 адам және CoronaVac-ты 124 адам салдырған", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысы вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 процентін ғана құрайтынын ерекше атап өтті. Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 5,2 миллион адамға жетті.

"Демек вакцинадан кейін ауырып қалғандардың саны тым аз. Бұл дегеніміз, екпенің тиімділігі бар. Дельта-штаммнан да қорғайды", - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, 23 шілде күні өткен брифингте комитет басшысы вакциналаудан кейін барлығы 4 765 адам ауырып қалғаны жайында айтқан. Олардың көбісі екпенің екінші дозасын алып үлгермеген.

4
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина