Вакциналау, архивтегі сурет

Жұмыс беруші вакцина салдырмаған қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма

2007
Заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші екпе салғызбаған қызметкерді жұмыстан шеттете алады, бұл жағдайда жалақы сақталмайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Жұмыс берушінің вакцина салдырудан бас тартқан қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ, әйтсе де оны жалақысын сақтамай, жұмыстан шеттете алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов электронды үкімет порталында қолданушының сұрағына осылай деп жауап берді.

Министрдің айтуынша, жұмыс беруші:

  • a) COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмысшыға қашықтан жұмыс істеуге ауысуды ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда);
  • b) қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан немесе жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда – Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес жалақысын сақтамай, жұмыстан шеттетуге құқылы. Жұмыс беруші уақытша шеттетілген қызметкердің орнына басқа адамды ала алады.
  • c) жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмыс орнына барып істеуге ниет білдірсе, жұмысшы өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет. Сонымен қатар тараптардың келісімімен міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің есебінен жүргізілуі мүмкін.

Осылайша жұмыс беруші қызметкерді вакцинадан бас тартқаны үшін жұмыстан шығара алмайды.

Өз еңбек құқықтарын қорғау үшін қызметкерлер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы басқармасына өтініш жазуға құқылы.

Серік Шәпкенов "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық процедура, соның ішінде вакцинация да, екпе алатын адамның келісімімен ғана жүргізілетінін еске салды.

Тағы оқыңыз: Міндетті вакцинация мерзімі қайта қаралады

Қазақстан заңнамасында вакцина алудан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Сонымен қатар, Денсаулық туралы кодекстің 104-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың енуі және (немесе) Қазақстанның бүкіл аумағында таралу қаупі төнген жағдайда, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері ЕАЭО-ның кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінде немесе елдің бүкіл аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын, соның ішінде карантин енгізеді.

Осыған байланысты Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қаулы қабылдады. №67 қаулының 6-1-тармағына сәйкес: 1) қаулыда көрсетілген ұйымдар/нысандарда COVID-19-ға қарсы вакцина салғызбаған жұмысшыларды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған адамдарды қоспағанда) жұмысқа кіргізуге шектеу; 2) қолданыстағы қаулының 6-1 тармағы 1-тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған жұмысшылары үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) енгізілді.

2007
Кілт сөздер:
жұмысшы, жұмыс берушілер, вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (319)
Тақырып бойынша
Шілденің аптап ыстығында вакцина салдыруға бола ма – дәрігер жауабы
Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина екінші рет салына ма
Алматыда дәрігерлер жалған вакцина паспортын жасаған: қылмыстық іс қозғалды
"Қоғамға өте қауіпті": Тоқаев вакцина паспортын сататындарды қатаң жазалауға шақырды
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

365
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

365
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Пробирка с тестом на коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты

55
Нұр-Сұлтанда 1 518, Алматыда 1511, Қарағанды ​​облысында 964 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 691 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 7 778 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1518
  • Алматы қаласы - 1511
  • Шымкент қаласы - 477
  • Ақмола облысы - 253
  • Ақтөбе облысы - 332
  • Алматы облысы - 300
  • Атырау облысы - 417
  • Шығыс Қазақстан облысы – 216
  • Жамбыл облысы - 247
  • Батыс Қазақстан облысы - 159
  • Қарағанды облысы - 964
  • Қостанай облысы - 245
  • Қызылорда облысы - 257
  • Маңғыстау облысы - 236
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 155
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 572 576.

55
Кілт сөздер:
статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Әуежай, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда рекорд жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге күші жетпеді  

0
(Жаңартылды 11:36 31.07.2021)
Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ, деп хабарлады КТК.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.

Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының  өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Рекорд ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арналмақ болған.

Бұған дейінгі рекорд Ресейде тіркелген, рекордшы 13 тонналық ұшақты сүйрепті. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойызды сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.  

"Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім сарқылды. Оның үстіне жері қисық екен. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды", - дейді Алмат Жұманов.

0