Қоғам

Фармацевт дәрі-дәрмек сатып алуда ақша үнемдеу жолдарын атады

© Sputnik / Владислав ВодневТаблетки, лекарства, деньги
Таблетки, лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Денсаулыққа келгенде ақша үнемдеуге болмайды. Алайда дәріханаға барған кезде қаржы ысырап етпеудің бірнеше тәсілін біліп барған жөн

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Фармацевт Ирина Булыгина дәрі-дәрмек алған кезде ақша үнемдеудің жолын айтты. Ол үшін бірнеше тәсілді меңгеру қажет.

Фармацевт дәрі-дәрмекті сатып алатын кезде дәріханада өзіңізге қажет дәрінің баламаларын және оның ішінде ең арзанын сұрауға кеңес берді. Мұндай жағдайда дәріхана қызметкері ең арзан дәрі-дәрмекті өзі ұсынады дегенге үміттенбеген жөн.

"Дәрінің әсері бірдей, алайда бір дәрінің 50-ге жуық атауы бар екенін түсіну қажет. Олардың бағасы да әртүрлі болады", - деді Булыгина Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Дәрі-дәрмекке қаржы үнемдеуге арналған тағы бір тәсіл созылмалы ауруы бар науқастар үшін тиімді. Оларға өзіне қажетті дәріні алдын ала сатып алуға болады. Не дегенмен дәрі-дәрмектің бағасы әдетте уақыт өте келе қымбаттайды.

Алайда мұндай жағдайда дәрінің жарамдылық мерзімін қарауды ұмытпаған жөн.

Бірақ дәрі-дәрмекті "қажет болып қалар" деп сатып алу ақшаны ысырап етуге әкеледі.

Жаңалықтар
0