Құлаққап, радио

21 шілдеде телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

971
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. 21 шілдеде Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00-17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

"Қазтелерадио" АҚ – Қазақстандағы теле және радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор.

971
Кілт сөздер:
радио, телеарна, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа телеарна ашылды
Discovery сынды жаңа телеарна қазақша сөйлейді
Атырауда журналистер ұсталды - телеарна ресми мәлімдеме жасады
Ресейлік телеарна Димаштың қызықты сұхбатын жариялады - видео
Алматыда телеарна қызметкерлері коронавирус жұқтырды: науқастардың жағдайы қалай
Архивтегі фото

Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

10
Балаларды қыркүйектен бастап оффлайн оқыту мәселесі пысықталып жатыр, деді Айжан Есмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектептерде Ashyq қосымшасы енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Балаларды қыркүйектен бастап оффлайн оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде мектептерде оқитын балалар саны үш миллионнан асады. Біз оқушылардың мектепте вирус жұқтыруы немесе вирус әкелуі мүмкін екенін түсінеміз. Сол себепті мектептерді, балабақшаларды, жоғары оқу орындарын Ashyq жобасына міндетті түрде қосу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Есмағамбетова баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар қоғамдық орындарға көп жағдайда ата-анасымен бірге барады. Сол себепті кіреберісте ата-ананың статусы қауіпсіз екені расталса, балалар солармен бірге өте алады.

Ал ересектерсіз қыдыратын 12 жастан асқан балалар үшін ерікті тестілеу қарастырылған.

10
Ashyq в аэропорту Алматы

Екінші тамыздан бастап қандай нысандар Ashyq-сыз жұмыс істейді

22
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты 2 тамыздан бастап қосымша шектеу шаралары күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. 2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қосылмаған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай нысандар Ashyq қосымшасына қосылмай-ақ жұмысын жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ashyq-сыз жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс жұмыстарын жүргізу;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі;
  • көлік жуу; автокөлік, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ киім жөндеу; тігін ательесі, кір жуатын орын; химиялық тазарту; кілт жасау, гүл сататын дүкендер, фотосалондар:
  • туристік компаниялардың қызметі, бизнес орталықтардағы жекелеген қызмет түрлері: сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, есепші мен консанлтинг қызметі, жылдымайтын мүлік агенттігі, сот орындаушылар, айырбастау пунктері, ломбардтар және тағы басқа.

Қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету форматында істейді.

Цой Ashyq жобасына қосылмаған барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі уақытша тоқтатылатынын атап өтті. Бұл талап орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ, азық-түлік дүкендеріне, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

Бұған қоса бұқаралық, спорттық, отбасылық, еске алу және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынған.

Мемлекеттік органдарда, кеңселерде, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдарда қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмыс істейді. Вакцина салдырғандар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандарға жұмысқа баруға рұқсат етіледі.

22