Қазақстан азаматының төлқұжаты

Жыл басынан бері 9 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

48
1991 жылдан бері елге бір миллионнан астам этникалық қазақ оралды. 2020 жылы Қазақстанда "оралман" термині "қандас" сөзіне алмастырылды

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері 9 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратынша, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Оның ішінде Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан (75,5%), 10,4%-і Қытай халық республикасынан, 7%-і Түрікменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан және 4,5%-і басқа елдерден келген.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.

"Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ті, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ті және зейнеткерлер 19,2%-ті құрайды", - делінген ақпаратта.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 10,9%-інің білімі жоғары, 39,3%-і орта кәсіби және 45,9%-інің жалпы орта білімі бар. 3,9%-інің білімі жоқ.

Айта кетейік, 1991 жылдан бері елге 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанда "оралман" термині "қандас" сөзіне алмастырылды.

48
Кілт сөздер:
этникалық қазақ, қандастар
Тақырып бойынша
Түрікменстаннан жүздеген қандас пойызбен көшіп келді: оларды музыкамен қарсы алды
Шет елдерде қанша этникалық қазақ тұрады
Шетелдегі қазақтарды қорғау туралы заң қабылдана ма
Оралман емес, қандас: сенат этникалық қазақтарға қатысты заң қабылдады 
Қанша адам қандас мәртебесін алды
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

33
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

33
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

456
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

456
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды
Көл, архивтегі сурет

Өскемендік жігіт суға батқан 14 жастағы қызды құтқарып қалды

0
Ол бірнеше рет суға сүңгіген. Алғашында су лай болғандықтан, ештеңе көрмеген. Жағдай өте қауіпті су қоймасында болды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Өскемендік жігіт суға батқан 14 жастағы қызды құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Виктор Землянухин туыстарымен бірге "Ермак" бау-бақша қоғамы аумағындағы саяжайда болған. Ол көмек сұрап айқайлаған дауыс естіген. Бірден учаскеге жақын жердегі су қоймасына жетті. Жігіт жағаға келіп, ол жерде жүзе алмайтын бірнеше адамның не істерін білмей абдырап тұрғанын көрген. Олардың айтуынша 14 жасар қыз суға батқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Виктор Землянухиннің айтуынша, ол бірнеше рет суға сүңгіген. Алғашында су лай болғандықтан, ештеңе көрмеген.

"Екінші рет ауа жұтып сүңгіген кезде қызды көріп қалдым. Су бетіне шығарып, жағаға қарай сүйрей бастадым. Сол жерде жасанды тыныс алуға көмектесіп, жүрегіне массаж жасадым. Анам Элла Землянухина мені алмастырып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуді жалғастырды", - дейді ол.

Жағдай өте қауіпті су қоймасында болған. Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ.

 

0
Кілт сөздер:
Өскемен, су
Тақырып бойынша
Он үш жастағы бала ата-анасының көзінше суға батып кетті
Әкесі ұлдарының киімін жағадан тапқан: Ақмола облысында екі ағайынды суға батып кетті
Сыныптастарымен кездескен: Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті
Павлодарда "суға батқан" жасөспірім мен ер адам аман табылды
Батыс Қазақстанда балықшы суға батып кетті