Ақерке Ахметова

Әділет вице-министрі елде авторлық құқықтың қорғалуына қатысты сұхбат берді

68
(Жаңартылды 15:55 14.07.2021)
Қазақстанда музыка мен кино ұрлығы тоқтай ма және біздің елде контент авторларына неге ақы төленбейтіні туралы Sputnik Қазақстанның әділет вице-министрі Ақерке Ахметовамен жүргізген эксклюзивті сұхбатынан оқыңыздар

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде - Sputnik, Жәния Орынқаева. Бүкіл әлемде стримингті платформалар, онлайн кинотеатрлар, миллиондаған кітабы бар кітапханалар қарқынды дамып жатыр. Контент пайдаланушылар жазылым ақысын төлейді де, шығармашылық адамдардың маңдай термен жасаған еңбектерінің нәтижесін пайдалана береді. Алайда Қазақстанда музыка тыңдау, кино көру және кітап оқу үшін халық ай сайын ақы төлеуге дайын емес. Адамдар мұны тегін пайдалануға үйреніп алған.

Республиканың түрлі ойын-сауық орындарында авторлық контентті пайдалануға қатысты да дәл осындай жағдай қалыптасқан. Кәсіпкерлер желіден қажетті музыканы жүктеп алып қолданады да, туынды авторларына музыканы пайдаланғаны үшін ақы төлеуге дайын емес.

Бұл жағдайды ретке келтіру мақсатында Қазақстанда интеллектуалдық меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар түзетулер енгізу туралы бастама көтерілді. Осы мәселені заң тұрғысынан реттеу және азаматтарды авторлық еңбек үшін ақы төлеуге дағдыландырудың қаншалықты маңызды екені туралы Sputnik Қазақстан тілшісі әділет вице-министрі Ақерке Ахметовамен сұхбаттасты.

Интеллектуалдық меншікті қорғау

– Ақерке Естайқызы, интеллектуалды меншікті қорғау мәселесі бойынша қазір Қазақстан әлемде нешінші орында тұр?

– Дүниежүзілік экономикалық форум дайындайтын Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бар. Қазақстан 2006 жылдан бері осы рейтингке қатысып келеді. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты рейтинг әзірленген жоқ. 2019 жылы 141 мемлекет бойынша дайындалды. "Интеллектуалдық меншікті қорғау" индикаторы бойынша Қазақстан 72 орынды иеленіп, 2 саты жоғары көтерілді.

Сонымен қатар Қазақстан Жаһандық инновациялар индексі (ЖИИ) бойынша да жақсы серпін көрсетті. Ол индексті Корнелл университеті, INSEAD институты, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік экономикалық форум, Дүниежүзілік электр байланысы одағы және басқа да ұйымдармен серіктестік арқылы Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы дайындайды.

ЖИИ елдерді инновациялық қолдау, адами капиталды дамыту және ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындар, дайындалатын білім мен технологиялар көлемі және креативті индустриялардың даму деңгейі бойынша бағалайды. 2020 жылғы рейтингке 131 мемлекет қатысты. Қазақстан өз позициясын 2 бірлікке жақсартып, 77-ші орынға ие болды. Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін ЖИИ көшбасшылары үштігіне еніп, Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында 3 орынға ие болғаны қуантады.

Министрлік осы салада қолданылатын заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жасап жатыр. Интеллектуалдық меншікті дамыту мәселелері халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен тұрақты негізде талқыланып келеді.

– Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы қазір қолданыстағы заңның олқылы неде?

– Қазақстанның нормативтік базасы қалыптасып үлгерген. Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы әкімшісі болып саналатын интеллектуалдық меншік саласындағы негізгі халықаралық келісімдерге қатысушымыз. Халықаралық сарапшылар жалпы Қазақстанның ұлттық заңнамасы осы саладағы халықаралық келісімдермен үйлесімде екенін атап өтуде. Біз цифрлық технологиялық көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Осыған байланысты интеллектуалдық меншік құқығын қорғау саласындағы әдіс-тәсілдер де өзгеріп отыр. Интеллектуалдық меншікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау біздің міндетіміз.

– Әйтсе де заңға өзгерту енгізуге нақты не түрткі болды?

– Қазір мәжіліс қарауында жатқан заң жобасына парламент депутаттары бастамашылық етті. Әділет министрлігі халықаралық сарапшыларды тарту арқылы заңнама мен құқық қолдану актілеріне талдау жүргізді. Ұсыныстар дайындалды. Депутаттар талдау мен ұсыныстарды қарап шығып, заңнамаға түзетулер енгізу керектігі айтылды. Егер ұсынылған түзетулерге көз салар болсақ, ол заңнаманы халықаралық келісімдерге сәйкестендіруді және интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды жетілдіруді қарастырады.

Қазақстандағы контент авторларының жай-күйі 

– Ақерке Естайқызы, түзетулер пакетін дайындайтын кезде мәдениет саласының қайраткерлері секілді авторлық құқығы бар азаматтар шақырылды. Олардың өтініштері қандай еді?

– Заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсынысын, негізінен, жазушылар, композиторлар, ақындар айтты. Ол ұсыныстар ұжымдық ұйымдардың жұмысына қатысты. Көтерілген мәселенің бірі – осындай ұйымдардың ашықтығын арттыру. Авторлар мұндай мекемелердің тиімді жұмыс істегенін қалайды. Себебі уақытылы авторлық қаламақы алу олардың жұмысына тәуелді. Мұндай мекемелер Қазақстанда 20, кейбірі 10 жыл бұрын тіркелген. Тәжірибе аса көп емес. Сондықтан гонорар алуды қарастыратын авторлар құқығын қамтамасыз ету бойынша құқықтың алаң қалыптастыру біздің ортақ міндетіміз.

– Депутаттарға сауал жолдағандардың бірі – әзілқой Тұрсынбек Қабатов. Ол қазақстандық өнер қайраткерлері авторлық қаражат алмайтынын айтты. Бұл қалай қалыптасты? Оны жою мүмкін бе?

– Әртістердің өкілі ретінде Тұрсынбек Қабатов та, басқа әртістер де парламент депутаттары әзірлеген заң жобасын жіті бақылап отыр. Жалпы Қазақстандағы авторлық сыйақыны жинақтаумен айналысатын ұйымдар жұмысына қатысты сұрақ көп. Ең алдымен мән беретін тұсы – тәжірибенің аздығы. Одан кейін ондай ұйымдарды авторлардың өзі құрып, өзі басқарып отыр. Бәлкім авторлар өз құқығын талап ете алмай отырған болар. Қалай болғанда да осы заң жобасы жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған.

– Ал біздің елде авторлық құқық сақталуына кім бақылау жүргізеді?

– Авторлық құқық пен аралас құқық саласындағы мемлекет реттеуін жүзеге асыратын құзырлы орган – әділет министрлігі. Интеллектуалдық меншік құқығының саласы жеке құқыққа жатады. Себебі авторлар мен пайдаланушылар арасында туындайтын қарым-қатынас азаматтық-құқықтық қарым-қатынас саласында болады.

Сондай-ақ, Қазақстанда авторлар, орындаушылар мен фонограмма әзірлеушілер құқығын басқаратын ұжымдық ұйымдар да бар. Әр автор ұйымды өз бетінше таңдауға құқылы.

– Егер нақты сандарға көшсек, авторлық жарна арқылы отандық авторлар ай сайын қанша табыс тауып отыр? Ол көрсеткіштің шетелдік табыстан айырмашылығы қандай деңгейде?

– Біздің және шетелдік авторлардың сыйақыларын салыстырудың қажеті жоқ. Себебі гонорар сомасы туындыны қолдануға, оған деген сұранысқа қатысты болады. Ал авторлар қанша табыс көретініне қатысты айтсақ, оны авторлардың өзінен сұраған абзал.

– Жақсы, олардан да сұрармыз. Қазақстанда авторлық құқық бұзылуы жиі қай салада кездесетіні туралы айтыңызшы

– Тәжірибе көрсеткендей, авторлық құқықты бұзу фактілері көбіне дәмхана, барлар, мейрамханалар, сауда ойын-сауық орталықтарында ел алдында орындау кезінде жиі тіркеледі. 15 жыл бұрын CD-диск шығару кезінде құқық бұзылғаны туралы айттық. Жаңа технологиялардың дамуы авторлық құқықты бұзу фактілерін интернет кеңістігіне көшірді. Еуразия экономикалық одағы мемлекеттеріндегі бұл проблеманы шешу үшін интеллектуалдық меншік нысандарына қатысты құқықбұзушылықпен күрес жүргізуде бірлескен әдістер дайындап, сәйкес халықаралық келісімді әзірлеу ұсынылды. Сондай-ақ қазір ТМД аясында телекоммуникациялық салада авторлық және аралас құқықты қорғау бойынша келісім дайындалып жатыр.

– Авторлық құқықтың бұзылуы немесе төлемге қатысты шетелдік авторлардан Қазақстанға жыл сайын қанша наразылық келіп түседі?

- Авторлық құқық саласындағы заңнамаға сәйкес, ұжымдық ұйымдар осы тектес құқықты басқаратын шетелдік мекемелерге жылына кемінде бір рет сыйақы сомасын төлеуге міндетті. Ал шетелдік авторлардың арыз-шағымы туралы фактілер бізге белгісіз.

– Интернетте авторлық құқықты сақтау жайы қалай? Музыка, сурет, кітап және фильмдерді заңсыз көшіру бақылап отырған кім бар?

– Расында да, авторлық және аралас құқықты бұзу интернетке ығысты. Құқықтарды қорғау механизмі заңнамамен қарастырылған. Авторлар мен құқық иеленушілер құқық қорғау органдары немесе сотқа жүгінуге құқылы. Сондай-ақ авторлық құқық нысандарын заңсыз тарататын интернет-ресурстарды бұғаттау шарасы да қарастырылған. Ішкі істер органдарының ақпараты бойынша 2020 жылы лицензиясы жоқ бағдарламалық жасақтаманы тарататын 24 шетелдік интернет-ресурс анықталған. Қазақстандық пайдаланушылар үшін бұғаттау мақсатында олар туралы ақпарат тыйым салынған материалдар, сілтемелер мен сот шешімдері тізіміне енгізілді.

– Желіде авторлық құқықты сақтамағаны үшін жаза қарастырылған ба?

– Қарастырылған. Қазақстанның Қылмыстық кодексі авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Контрафакті өнімдерін заңсыз қолдану, сақтау, жөнелту немесе дайындау үшін, сондай-ақ авторлықты иемдену үшін жауапкершілік қарастырылған.

– Қазақстанда авторлық құқықты бұзғандарға қандай жаза қарастырылған? Оны қатаңдату жоспарда бар ма?

– Біздің елдегі заң бойынша авторлық құқықты бұзғандай азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық жауапкершілік айыппұлдан бостандықты шектеуге дейінгі қатаң шараларды қарастырады. Сондықтан оны тағы қатаңдату туралы мәселе қаралып жатқан жоқ.

Жаңа заң қандай өзгеріс әкеледі

– Қазір мәжіліс қарауында жатқан заңдағы негізгі түзетулерге тоқталыңызшы. Заң қабылданғаннан кейін қандай өзгеріс әкеледі?

– Заң жобасы ұлттық заңнаманы халықаралық келісімдермен үйлестіруге бағытталған. Бірқатар түзетулер қолданыстағы патенттік сенімді өкілдер мен құқықтарды ұжымдық басқару институттарын жетілдіруге бағытталған. Жалпы заң жобасы авторлардың, өнеркәсіптік меншік нысандары иелерінің құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасы келесі түзетулер қарастырады:

  • сыйақы алуға арналған авторлардың құқықтарын қорғау үшін ұжымдық ұйымдардың ашықтығына қойылатын талаптар күшейтіледі;
  • ұлттық брендтеуді дамыту және сату нарығын кеңейту үшін жаңа нысан – "географиялық нұсқау" енгізіледі;
  • тіркелмеген өндірістік үлгілерді қорғау үшін "қысқа мерзімді қорғау" режимі енгізіледі;
  • "оппозициялық" жүйені қолдану бойынша тараптардың мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бұл өтінім сатысында-ақ тіркеуге қарсы наразылық ұсынуға рұқсат береді;
  • патенттік сенім иелерінің жұмысын реттеу талаптары нақтыланады.

Қазақстан мәдениетінің дамуы, кей жағдайда еліміздегі экономиканың дамуы авторлар мен құқық иелеріне тәуелді екенін айтқым келеді. Сондықтан оларды өз құыққтарын қорғауда белсенді болуға шақырамыз. Біз өз кезегімізде құқықтық алаңда олардың құқықтарын қорғау бойынша қолайлы жағдай жасаймыз.

68
Архивтегі сурет

Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны туралы жаңа дерек шықты

13
Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы 20 маусымда Алматы қаласында туды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

"Еліміздің он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде Жания Азаматқызы анықталды. Ол Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала", - делінген хабарламада.

Туу туралы актісіне сәйкес, нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы он тоғыз миллионыншы тұрғын қалай анықталғанын түсіндірді. Оны анықтау кезінде табиғи қозғалыс өсімі (белгілі бір кезеңде дүниеге келгендер мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымы (ел аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескерілген. Кандидатура жалпы республика бойынша, тұратын жеріне тәуелсіз анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы дүниеге келді – Тоқаев

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқының саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, биыл 1 шілдеде 19 009,6 мың адамды құрады.

3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлады. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.

13
Кілт сөздер:
Қазақстан халқы, статистика
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

268
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

268
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды